Кипр шетелдік туристер үшін шекараларын ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Кипр туризм министрінің орынбасары Саввас Пердиос шетелдік туристердің қайта келу күнін бекітті: 1 наурыздан бастап 56 елдің азаматтары демалу үшін келе алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Кипр туризм министрінің орынбасары Саввас Пердиос шетелдік туристердің қайта келу күнін бекітті: 1 наурыздан бастап 56 елдің азаматтары демалу үшін келе алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елдер түрлі-түсті санаттарға бөлінеді. Жасыл аймақтың туристеріне Кипрге кіру кезінде теріс ПТР сынағы қажет емес. Қазіргі уақытта Ресей құрамына кіретін "қызыл" санаттағы елдерден келген қонақтарға коронавирусқа тексеруден өтуге тура келеді. Алайда, нәтиже теріс болса, олар 14 күндік карантиннен өту қажеттілігінен босатылады. 

"Әрине, бұл жаңалық бізге жақсы әсер етеді. Алайда мен уақытынан бұрын қуанбас едім, өйткені Кипр Еуропалық Одақтың ұсыныстарына құлақ асады және олар үнемі өзгеріп отырады. Соған қарамастан, мен әлі де 1 наурызда ел ашылады деп сенемін", - дейді Ларнакадағы "Глория Трэвел Сервисес" компаниясының бас директоры Ольга Черкез.

Оның айтуынша, туристік индустрия қызметкерлерінің көптеген сұрақтары бар. Мысалы: егер турист теріс тестпен келсе және әуежайда оның талдауы кенеттен оң нәтиже көрсеткен болса, не болады? Әзірге бұл сұраққа жауап жоқ.

Кипрде қазір шектеулер бар екенін ескертеміз: дәріханалар, азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді, азаматтар SMS хабарлама жібергеннен кейін сыртқа күніне екі рет шығуға құқылы. Бұл жағдайда маңызды себеп болуы керек: дүкенге, дәріханаға немесе дәрігерге бару және т.б.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная