Ұшақ трапынан құлап қалған жолаушы желіде жұлдызға айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail басылмыныа сілтеме жасап.
Оқиға Испанияның Малага қаласындағы әуежайда болған. Жолаушы Мароккоға аттанбақ еді, алайда рейске кешігіп келеді: трап ұшақтан ажырап жатқан еді. Ер адам кейін шегінгісі келмеген екен, тіпті әуежай қызметкерлерінің сөзіне де құлақ аспаған.
Оқиғаны борттағы өзге жолаушылар таңданыстарын жасырмай, видеоға түсіріп тұрыпты. Ер адам ақыры 3,5 метр биіктіктен құлады.
Оның арқасындағы рюкзагы төсеніш болып, құлауын жеңілдеткен екен, осының арқасында ол ешқандай ауыр жарақат алмады. Ал оқиғаны тергеу үшін әуежайға полиция шақырытылған.
Ер адам сонша асыққан ұшаққа отыра алды ма белгісіз. Guardia Civil мәліметінше, ол ұшу қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін айыпұл арқалайды екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!