Килиманджароны бағындырмақ болған турист ажал құшты

Аустралиялық турист ежелгі Килиманджаро жанартауын бағындырмақ болып Африкаға аттанған. Таудың шыңына 100 метр қашықтыққа жете бергенде оның жағдайы нашарлап кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Джон Кларк ақпан айының соңында Танзанияға барған. Ол өзінің 60 жылдық мерейтойын көптен бері жоспарлаған саяхатына шығып, атап өтуге шешім қабылдаған. Алайда тауға көтеріле басталғаннан кейін 7 күн өткен соң, отбасы онымен байланыса алмай қалған.

Кларкпен бірге жорыққа шыққан топтың қалған мүшелері оның туыстарына болған жағдайды айтып берді. Ол "тау ауруынан" өзін нашар сезінген екен. Дегенмен ол жолдастарынан өзін шыңға шығаруды өтінген. Олар шыңға жете бергенде, науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Бір топ турист қажетті медициналық көмек көрсету үшін кері қайтуға шешім қабылдаған. Алайда аустралиялықты құтқару мүмкін болмады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!