Киевтен Кипрге рейс ашылды. Қазақстандықтарға баруға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Кипрден Киевке Cyprus Airways компаниясының тікелей рейсі жаңартылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Avianews.com басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кипрден Киевке Cyprus Airways компаниясының тікелей рейсі жаңартылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Avianews.com басылымына сілтеме жасап.

Cyprus Airways 12 мамырда Ларнакадан (Кипр Республикасының басты әуежайы) Киевтегі Борисполь әуежайына негізде рейстерді қайта бастады. Әуекомпания осы бағыт бойынша рейстерді аптасына екі рет: қазір - сәрсенбі және жексенбі күндері, ал маусымның соңынан бастап дүйсенбі және жұма күндері орындайды.

Рейстерге ең арзан билет екі жаққа да 135 еуродан (69 829 теңге) сатылады. Бұл бағаға 35х20х20 сантиметрге дейінгі қол жүгін тасымалдау кіреді. Бір жүк орны 23 килограмға дейін және габариті 55х40х20 сантиметрге дейін, салмағы 10 килограмға дейін ұлғайтылған қол жүгі бар тариф бойынша билеттер екі жаққа да 220 еуродан (113 795 теңге) басталады.

Кипр билігі Қазақстанды "сұр" аймақ санатына жатқызады, сондықтан аралда демалу үшін қазақстандықтарға міндетті 14 күндік карантиннен өту қажет. Аралға барғаннан кейін жетінші күні ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс болса, карантинді қысқартуға мүмкіндік бар.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная