Қазақстан мықты төлқұжаттар бойынша Henley Passport Index рейтингінде 68-орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Шілдедегі нәтижемен салыстырар болсақ, еліміздің көгілдір төлқұжаты екі саты төмендеген.
Әлемдегі ең мықты төлқұжат әлі де Сингапур еліне тиесілі - бұл құжатпен 193 елге визасыз кіруге болады.
Екінші орынға бірден сегіз мемлекет жайғасқан, бұл елдердің азаматтары 190 мемлекетке арнайы рұқсатсыз кіре алады екен:
Финляндия;
Франция;
Германия;
Италия;
Жапония;
Оңтүстік Корея;
Испания;
Швеция.
Үшінші орынды алты ел өзара бөлісті: Австрия, Дания, Ирландия, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания.
Қазақстан төлқұжаты 68-орында - біздің елдің азаматтары 77 елге визасыз кіре алады.
Рейтинг соңында Ирак, Сирия және Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары небары 29, 28 және 27 елге визасыз кіре алады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!