Қазақстандықтардың Тай еліне визасыз ұшу мерзімі ұлғайтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз тағы жарты жыл ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Таиландқа визасыз тағы жарты жыл ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы Таиландтың туристік кеңсесіне (TAT) сілтеме жасай отырып travelpress.kz сайты мәлім етті. Осылайша Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2024 жылғы 1 наурыз бен 31 тамыз аралығында Қазақстан азаматтары визасыз ұша алатынын мақұлдады.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл бастама туризмді дамытуға және Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

"Таиландтың министрлер кабинеті Қазақстан азаматтарына 2024 жылғы жазғы маусымға туристік виза уақытының ұзартылғанын хабарлайды. Бұған дейінгі визасыз режим 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қолданыста болды. Қазақстандықтар 30 күннен аспайтын уақыт ішінде Таиланд Корольдігінің аумағына кіріп, сол елде бола алады. Ол үшін қазақстандық төлқұжат иелері Тай еліне "келгеннен кейін" туристік визаны рәсімдей алады. Жаңа өзгеріске байланысты визасыз режим 2024 жылғы 1 наурыз бен 31 тамыз аралығына дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel