Ташкентте танымал Kok-tū әні орындалып, оның видеосы талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Видео TikTok желісінде жарияланды және миллионға жуық қаралым жинаған. Онда Қазақстан туын ұстаған 150 турист Ташкенттегі көңіл көтеру және әткеншектер паркінің алдында ән салған. Бұл жағдай 28 қазанда болған.
"Біз мұны хайп үшін түсірген жоқпыз, біз тек Орталық Азия ұлттарының достық қарым-қатынасын көрсеткіміз келді. Видео түіру жеңіл әрі қызық болды", - дейді тур ұйымдастырушылардың бірі.
@jake_taau Штрафқа түсіп түсірген тренд🇰🇿✊🏻 #fyp ♬ оригинальный звук - JAKE TAU🇰🇿❤️
Оның айтуынша, бірігіп ән айту оларға ерекше сезім сыйлаған.
"Басқа елдің азаматтары біздің әрекетімізді көріп, қолдау білдірді. Біз тек қазақ екенімізді, ергін және ұйымдасқан екенімізді көрсеткіміз келді. Толқып кеттік! Патриотизм сезімі ерекше екен, біздің халық сондай ғой", - дейді гид.
Қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін туристер ескерту алған, алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, олар айыппұлдан құтылған.
Видеоға Желі қолданушылары түрлі қолдау пікір жазып, қазақ пен өзбек достығының берік болуын тіледі.
"Қазақтар мен өзбектер, бізбен бірге бір халық ретінде әлемге паш етейік", "Өзбектер мен қазақтар бір-біріне бауыр", "Келесі жолы сіздермен бірге айту үшін, мына әннің сөзін тауып алып, жаттаймын", - дейді Желі қолданушылары.
Алайда қоғамдық тәртіп бұзылғанына және әнді таңдаудағы шешімге наразы болғандар табылды. Олардың айтуынша, мұндай жиналыстың соңы видеодағыдай көңілді болмауы мүмкін еді.
"Басқа ән таппай қалды ма?", "Бірін-бірі таптап кетсе не болар еді?!", "Мынадай әнді біздің тумен айту, басқасын айту керек еді", "Тек айыппұлмен құтылғандарыңыз жақсы болыпты, бұлай істеуге болмайды", "Басқа елде жүріп Әнұранды орындамадыңыздар ма... болмайды ғой, жүрген еліңе құрмет көрсетілуі керек", - дейді аікір қалдырушылар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!