Карантиннің күшеюіне қарамастан, туристік бағыттар әлі де әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерді күтеді. Демалысқа шыға алған саяхатшылардың жағдайы әлдеқайда жақсы: қонақүйлер мен жағажайларда адамдар аз, бұл коронавирусты жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді. Kaz.tengritravel.kz қазақстандықтардың осы күзде қай елдерде демала алатыны туралы баяндайды
Жаңа ережелерге байланысты қазақстандықтар өз еліне оралар алдында коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы қажет. Бұл анықтама болмаған жағдайда әуе билетінің болуына қарамастан жолаушыларды ұшаққа жібермей қалу қаупі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі қазақстандықтардың анықтамасыз елге оралуға құқығы бар екенін нақтылады, дегенмен біз тәуекелге бармауға және елге ұшқанға дейін тест тапсыруға кеңес береміз. Сондай-ақ, арнайы сақтандыруды алу қажеттілігін есте ұстаған жөн, өйткені сіз шетелде жүріп ПТР тесті оң болса және сіз демалыс елінде карантинде болуыңыз керек жағдайға қажет болады.
Түркия
Қазанда аптап ыстық болмайтыны анық, сондықтан мұнда демалу ыңғайлы. Елдің оңтүстігіндегі ауаның орташа температурасы күндіз +25...+27 градус. Судың температурасы +24 градусқа дейін жылы болады және шомылуға әбден жарамды. Бірақ қарашада ауа температурасы сәл төмендейді және шомылу ыңғайсыз болуы мүмкін. Таңертең және кешке айтарлықтай салқын сол себепті серуендеу үшін қалыңдау киім киінген жөн.
© Shutterstock
Бұл елдің сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, сондай-ақ түріктердің қонақжайлылығы туристерді қызықтырмай қоймайды. Сондай-ақ, түрік тағамдары тіл үйіреді, ал шопингтен әрбір саяхатшы ләззат алары анық.
Иллюстрациялық сурет © Shutterstock
Танымал бағыттар: Мармарис, Белек, Анталия, Кемер, Алания, Бодрум және Сиде. Жылдың кез-келген уақытында әуе шарлары бар Кападокия да әдемі. Әрине, сіз елдің ең үлкен қаласы - Ыстамбұлда мәдени демалысты тамашалайсыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елге кіру үшін ПТР-тест қажет емес.
Мысыр
Африка құрлығының солтүстігіндегі бұл ел Қызыл теңіздің керемет су асты әлемімен және ыстық климатымен қызықтырады. Күзде Мысырда салқын ауа райы деген болмайды, сондықтан жағажай демалысы үшін кез-келген курорттар қолайлы. Қазанда бару өте тиімді. Қызыл теңіздегі су желтоқсанның ортасына дейін жылы болады. Сондықтан сүңгуірлер мен шомылуды ұнататындар күзде Мысырда демалуды ұнататыны анық.
© Shutterstock
Мысыр пирамидалары, сафари, экологиялық таза теңіздердің бірінде дайвинг - осы үшін туристер бұл елді жақсы көреді.
© Shutterstock
Танымал бағыттары: Шарм-эль-Шейх, Хургада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұшар алдында - 2020 жылы 1 қыркүйектен бастап елге кіру үшін келгендердің барлығына ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ПТР тест сертификатын ұсыну қажет болады, бұл сертификат болмаған жағдайда турист ұшып келу бойынша ПТР тестін 30 долларға тапсыра алады. Азаматтығына қарамастан және алты жасқа дейінгі барлық балалар ПТР-тесттен босатылады.
ПТР сертификаты, егер ол келесі талаптарға сәйкес келсе, қабылданады:
- ол тестілеу уақыты мен күнін қамтиды, жағынды (мазок) алған сәттен бастап 72 сағат есептеледі
- сертификат: мамандандырылған және ресми тіркелген (мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тәуелсіз) зертханамен берілуі және зертхана мөрімен мөрленуі тиіс, түзетусіз және толықтыруларсыз
- жағынды сынамасының түрі көрсетілуі тиіс
- көрсетілуі керек - тест түрі (RT-PCR).
- араб немесе ағылшын тілінде рәсімделген болуы тиіс
БАӘ
Араб Әмірліктеріндегі күз - бұл нағыз жайдары жаз, ауа температурасы 35 градус, ал судың температурасы 28 градусқа дейін жылы болады. Бұл жағажай демалысы үшін тамаша ауа райы. Күнге күйдірініп, күн сәулесінің шуағынан рақаттануға болады. Айта кетейік, БАӘ-де ылғалдылық деңгейі өте жоғары, тіпті денеңіз күйіп қалуы мүмкін, бірақ ол теріге өте пайдалы.
© Shutterstock
Шейхтердің бұрын-соңды болмаған сән-салтанатты өмірі, қызмет көрсетудің ең жоғарғы сапасы және қауіпсіздік, түйе сафариі, дельфинарий, әлемдегі ең үлкен мешіт және әйгілі "Бурдж-Халифа" ғимараты - туристердің демалуы үшін осы елді таңдауының негізгі себептері.
© Shutterstock
Танымал бағыттары: Дубай, Фуджейра, Рас-эль-Хайма, Аджман.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұшу алдында - ұшудан 96 сағат бұрын алынған COVID-19-ға теріс нәтижесі бар ағылшын тіліндегі ПТР анықтамасы болуы қажет.
Мальдив аралдары
Мальдив аралдарында жыл бойы демалуға болады, өйткені бұл тропикалық климаты бар ел. Жылдың кез келген уақытында ауаның орташа температурасы +27 градус. Кешке және түнгі уақытта қысқамерзімді жаңбыр болуы мүмкін. Қараша - Үнді мұхитында дайвинг үшін тамаша уақыт.
© Shutterstock
Мальдив аралдары - бұл жердегі жұмақ мекен, бостандық рухы, Beach Bubble-дің көптеген жұлдыздарымен шексіз ғарышты көру мүмкіндігі - көпіршікке ұқсас ерекше әйнек құрылымы, бұл суда орналасқан ыңғайлы бунгало, сонымен қатар әйгілі спа-емдеу.
Фото ©Shutterstock
Танымал бағыттары: Мале Атолл, Маафуши, Ари Атолл.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елге кіру үшін ПТР-тест сынаманы ұшуға дейін 96 сағат бұрын тапсыру керек.
Сондай-ақ, қазақстандықтар үшін Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан қолжетімді. Қазақстан азаматтарының Германия мен Нидерландыға кіруіне жақын отбасы мүшелеріне бару мақсатында рұқсат етіледі, бірақ ерекше жағдайларда ғана (баланың тууы, үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері, ауыр сырқаттанған жағдайда көмек). ПТР-тестілеу барлығына, соның ішінде барлық жастағы балаларға міндетті.