Қазақстандықтар жиі баратын елде қайтадан вакцинация талап етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Таиландта елге кіру ережелері қайта қаралып, соның нәтижесінде саяхатшылар ендігіде кемінде екі COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны туралы анықтама көрсетуі тиіс, - деп хабарлайды BangkokPost.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта елге кіру ережелері қайта қаралып, соның нәтижесінде саяхатшылар ендігіде кемінде екі COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны туралы анықтама көрсетуі тиіс, - деп хабарлайды BangkokPost.

"Жаңа шаралар өте қажет, себебі Таиланд көптеген елдерден келетін саяхатшылардың мекеніне айналды, оның ішінде Қытайда бар, алайда шектеу шаралары біреуді шеттемеуі керек", - деді денсаулық сақтау министрі.

Соған қарамастан жаңа шектеулер қашан күшіне енгізілетіні нақтыланбаған. Ресми өкілдер тек Қытай туристері келгенге дейін енгізілуі керектігін айтқан. Қытайдан бірінші рейс 9 қаңтарға жоспарланған.

Осыған дейін Пхукет көші-қон қызметінің есебі бойынша қараша айының басында Қазақстаннан Пхукетке 3 461 адам ұшып барған. Жалпы бір жылда Таиландқа 8 миллионнан аса турист барған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная