Қазақстандықтар балалармен көктемде қайда бара алады?

Көктем дегеніміз - қысқа демалысқа, билеттер сатып алуға және бүкіл отбасымен саяхаттауға тамаша мүмкіндік. Kaz.tengritravel.kz порталы және Aviata.kz сервисімен бірге қолжетімді бағада демалуға болатын елдерді атайды, ересектер мен балаларға кіру шарттары, қолжетімді рейстер туралы, сондай-ақ сіз және сіздің балаңыз осы елдерде демалысыңызды өткізу үшін нені білу қажеттігі жайлы баяндайды.

Өзбекстан

Наурыз айы Өзбекстанға бару үшін ең қолайлы айлардың бірі болып саналады: жаздағыдай ыстық емес, ал қысқы батпақ артта қалған. Бұл көне қалалар мен көрікті жерлерге саяхаттау үшін тамаша уақыт. Кіру ережелері

Кіру ережелері

Шетелден келген екі жастан асқан жолаушылар, соның ішінде екпе алған жолаушылар Өзбекстанға келуден кемінде 48 сағат бұрын коронавирус инфекциясына ПТР сынамасының теріс нәтижесін беруі керек.


Ташкент @Shutterstock

Рейстер

Қазақстаннан Өзбекстанға аптасына 32 рейс ұшады.

Нұр-Сұлтан – Ташкент ("Эйр Астана" – үш, Uzbekistan Airways – үш),

Алматы – Ташкент ("Эйр Астана" – жеті, Uzbekistan Airways – жеті),

Алматы – Самарқанд (Uzbekistan Airways – екі),

Ақтау – Нөкіс (SCAT – бір, Uzbekistan Airways – бір),

Ақтау – Үргеніш (SCAT – екі, Uzbekistan Airways – екі),

Ақтөбе – Нөкіс (Uzbekistan Airways – екі),

Түркістан – Ташкент (FlyArystan – екі).

Балалармен қайда баруға болады

ашкент отбасылар үшін демалуға ең жақсы қала болып саналады. Кез келген астанадағы сияқты мұнда да ойын-сауық көп шоғырланған. Өзбек Диснейленді деп те аталатын "Ташкент Лэнд" саябағы ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұнда көптеген заманауи карусельдер мен аттракциондар бар, ал дөңгелегі көлдің, жапон бағының, аквасаябақ пен телемұнараның керемет көріністерін ұсынады. Айтпақшы, бұл жерлерге құс ұшар биіктен қарауға болады - аквасаябақ пен жапон бағының аумағынан аспалы көлік өтеді. 

Қаланың қақ ортасында жапон бағы бар. Павильондар, шайхана, көл, жайлы ағаш көпірлер, сан алуан құстар ерекше көрік береді, ал мұнда құтан, тауыс, тиіндердің болуы кішкентай қонақтарды қуантады.

"Навруз" саябағы @Shutterstock 

Айта кетсек, Ташкентте балаларға арналған саябақтар көп. Мысалы, Наурыз саябағы – жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрді сезінетін таңғажайып этнографиялық қалашығы бар аумақ. Мұнда аспаздық және шығармашылық шеберлік сабақтары өткізіліп, балауыз пішіндері сәнді ұлттық киімдерде жасалып, суретке түседі. Aqualand аквасаябағы сәби балалары бар отбасыларға арналған. "Күншуақ қала" - пальмалармен, субұрқақтармен және керемет мүсіндермен қоршалған шығыс стиліндегі жүзу кешені. Мирзо Ұлықбек атындағы саябақта Орталық саябақ ойын-сауық саябағын таба аласыз. Аттракциондар, карусельдер мен ойын алаңдарынан басқа, балалар үйректері бар тоғанды тамашалайды. Айтпақшы, оның жанында спортпен шұғылдануға болатын "Эко парк", бірнеше спорт және ойын алаңдары бар. 


@Shutterstock 

Үлкендерге де, балаларға да ұнайтын тағы бір жер – Ташкент хайуанаттар бағы. Территорияда тоғандар, субұрқақтар, сарқырамалар, жануарлардың мүсіндері және мультфильм кейіпкерлері көп. Жануарлардың, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділер мен балықтардың бірнеше жүздеген түрінен басқа, "Көбелек үйі", сондай-ақ, балаларға арналған аттракциондар мен ойын алаңдары бар.

Қырғызстан

Қырғызстан ашық ауада серуендеуді ұнататындар үшін тамаша жер болып табылады. Бішкектен тауға бір-екі күндік турға оңай баруға болады. Ал релаксацияны ұнататындарға да демалыс табылады. Наурызда суға түсуге әлі ерте екеніне қарамастан, Ыстықкөлде санаториялық демалысты ұсынатын демалыс орындары көп.

Кіру ережелері

Қырғызстанға баратын барлық жолаушылар ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі керек. Анықтама материал жиналған күннен бастап 72 сағат бойы жарамды. Алты жасқа дейінгі балалар сынақ тапсырудан босатылады. 


Бішкек @Shutterstock

Рейстер

Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына тоғыз рейс бар.

Нұр-Сұлтан – Бішкек ("Эйр Астана" – екі),

Алматы – Бішкек ("Эйр Астана" – жеті).

Балалармен қайда баруға болады?

Қырғызстан астанасында отбасылық демалуға қажеттінің бәрі бар. Бішкекте көптеген әдемі бақтар мен саябақ аймақтары және заманауи балалар ойын-сауық орталықтары бар. Мәселен, қала орталығында астанадағы ең үлкен айналма дөңгелегі бар Панфиловшылар саябағы, карусельдер мен аттракциондар бар. Ал Smile-да ересектер де, балалар да спорттың 28 түрі мен акробатикалық торларда, батут алаңдарында, өрмелеу қабырғасында көңіл көтере алады. Fun City Bishkek-те автодром, ойын автоматтары және виртуалды шындық дулығаларындағы ойындар бар. Jungle park Қырғызстандағы балаларға интерактивті ойын-сауық ұсынатын алғашқы саябақ болды.

"Фламинго" - аттракциондар, карусельдер, бассейн кіретін кинотеатры бар ашық ойын-сауық саябағы. Luna Park баланың жасына байланысты бірнеше аймаққа бөлінген. Мұнда Лего қалашығы, арқан жолы, банджи-трейд, айналмалы батут, ойын автоматтары және хайуанаттар бағы бар. Zoobishkek-те құтқарылған жануарлардың 30 түрін кездестіруге болады – тауыс, маймыл, қоян, ешкі, тасбақа, пони, суыр және кенгуру.


Бішкек, фото © Shutterstock  

Жуырда ғана цирк қайта жөндеуден өтіп, бүгінде отандық және шетелдік әртістердің өнерлерін тамашалауға болады.

Қала орталығында "Ала-Тоо" алаңының жанында зоологиялық мұражай бар. Көптеген саяхатшылар оның жәдігерлеріне тәнті болады және мұнда ересектер де, балалар да қызығушылық танытатынын атап өтті. Мұнда сіз елдегі ең үлкен жәндіктер топтамасын, сондай-ақ сирек кездесетін жануарлар мен құстардың тұлыбын көре аласыз.

Қырғызстанның ұлттық бояуымен танысқыңыз келсе, Ғапар Әйтиев атындағы Ұлттық бейнелеу өнері мұражайына барыңыз, онда киізден жасалған шырдақтар мен алакиіздердің (киіз үйлерде еденді жабатын), терме және қаджар тоқылған кілемшелердің тамаша үлгілері ұсынылған. Ош базары да келген қонақтарға ұлттық болмысын паш етеді.

Қазақстандық туристер Ыстықкөлдегі демалыстар туралы нені білуі керек. Қала сыртында саяхаттауға болады. Астанаға жақын "Жылы бұлақтар" термалды су бассейндерімен танымал Аламедин шатқалы орналасқан. Мұндағы сапар жарты күннен бір күнге дейін созылады.


Чуңкурчак шатқалы,  фото@Shutterstock  

Ал екі жарым шақырым биіктікте орналасқан Чуңкурчак шатқалына барған Қырғызстан астанасының қонақтары киіз үйде түнеуге мүмкіндік алады. Дегенмен, мұнда кәдімгі тұрмыс жайды күтпеңіз, ішінде ағаштан жасалған төрт қабатты кереуеттер, ойылған үстелдер, ағаш жағатын пештер және Wi-Fi бар.

Сондай-ақ, Бішкекте таулы соқпақтармен серуендеуге арналған көптеген жерлерді таба аласыз.

Әзербайжан

Әзербайжанда көктем ерте басталады. Наурыз айында Баку қаласымен ұзақ серуендеуге болады, серуен барысында осы ежелгі қаланың қаншалықты заманауи екеніне көз жеткізесіз.

Кіру ережелері

Жолаушылар вакцинаның толық курсын алғанын растайтын COVID-19 вакцинациясының төлқұжатын, сондай-ақ, ұшуға дейін 72 сағат ішінде тапсырылған теріс ПТР сынамасы бар анықтаманы көрсетуі қажет. Вакцинация құжаты мен ПТР сынағы анықтамасында QR код болуы керек. Бір жасқа дейінгі балалар ПТР сынағын тапсырудан босатылады, ал бір жастан 18 жасқа дейінгі балалар тек ПТР сынағының нәтижесін көрсетсе болады.


Баку © Shutterstock

Рейстер

Қазақстаннан Әзербайжанға аптасына алты рейс жүзеге асырылады:

Алматы – Баку (үш рейс),

Ақтау – Баку (төрт рейс, екеуін "Эйр Астана", төртеуін – AZAL орындайды).

Балалармен қайда баруға болады

Баку атмосферасына ену үшін Приморский бульварына бару керек. Жағалау саябағының жеті шақырымы балаларға арналған түрлі ойын-сауықтарға толы - аттракциондар, карусельдер, ойын автоматтары, дәмханалар. Сүйкімді пойызбен жүру балаларды қуантады, ересектерге одан әрі серуендеу үшін энергия үнемдеуге көмектеседі. Баку Венециясы да осында орналасқан, ол туннельдер мен ашық көпірлер арқылы нағыз гондолада серуендеуді ұсынады. Ал бульвардан 50 метр жерде, Венецияға жақын Баку фуникулері бар, ол да балалар мен жасөспірімдерге керемет қуаныш сыйлайды.


Баку Венециясы © Shutterstock

Сондай-ақ, Луна саябағы мен Коала саябағында карусельдерге және аттракциондарға мінуге болады. Қаланың өз хайуанаттар бағы да бар.

Ичери-Шехер қаласының ескі бөлігінде барлық жастағы туристердің назарын аударатын орын – коллекциясы Гиннестің рекордтар кітабына енген Баку миниатюралық кітаптар мұражайы бар.

"Гала" тарихи-этнографиялық мұражайы Бакуден 40 шақырым жерде орналасқан, ол көруге тұрарлық. Ашық аспан астындағы мұражайда археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық бұйымдар үлгілері, тұрғын үйлердің қалдықтары мен қола дәуірінің ортасынан орта ғасырдың аяғына дейінгі кезеңге жататын жартастағы суреттер қойылған. Бірақ кешеннің басты ерекшелігі, әрине, оның интерактивтілігі. Балалар мен ересектер қалпына келтірілген қыш шеберханасына, сондай-ақ, темір ұстасы, наубайхана, иіру цехына барып, барлық іс-шараларға қатыса алады.


"Гала" тарихи-этнографиялық мұражайы © Shutterstock 

Ал астанадан 70 шақырым жерде орналасқан Гобустан қорығына барғанда, жасы 10 мың жылды құрайтын "Гобустан" жартастағы суреттерінің жинақталғанын көруге болады, ал сюжеттер мұнда бұрын қандай адамдар мен жануарлар өмір сүргені туралы түсінік береді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.