Шри-Ланкада шетелдіктерге жүргізуші куәлігін беру процесі жеңілдетіледі. Жүргізуші құжаты тікелей әуежайда беріле бастайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл елде халықаралық жүргізуші куәліктері қолданылмайды. Автокөлікті немесе мопедті жалға алу үшін туристер бірқатар бюрократиялық рәсімнен өтіп, 35 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін ақша шығындауға мәжбүр болды. Алайда осы рәсімдерден өтсе де, олардың барлығы бірдей жүргізуші куәлігіне қол жеткізе бермейді.
Ланка жүргізуші куәлігін алу үшін қандай құжаттар қажет болатыны әлі белгісіз. Қолданыстағы халықаралық жүргізуші куәлігін көрсетіп, баж салығын төлеу жеткілікті болуы мүмкін.
Айта кетейік, жылда Шри-Ланкада 3500-ге жуық шетелдік жүргізуші куәлігін алуға өтініш береді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!