Қазақстандықтар арасында танымал елдердің бірі ішімдікке салынатын салықты алып тастады

Таиланд үкіметінің жарлығымен көңіл көтеретін орындар мен алкогольге салынатын салық төмендетілді. Бұл шара елдегі туризмге қолдау көрсету мақсатында жасалып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Times of India басылымы мәліметінше, бұған дейін мемлекет өз аумағындағы көңіл көтеретін орындардың жұмысын таңғы 4-ке дейін ұзартқан болатын. Бұл олардың туристер үшін тартымдылығын арттырып, түнгі келушілер санын арттыру мақсатында қолға алынған екен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Үкімет алкогольдік ішімдіктерге салынатын салықты да айтарлықтай төмендеткен.

Бекітілген шараларға сәйкес шарапқа салынатын салық 10 пайыздан 5 пайызға дейін азайтылған. Ал алкоголь мөлшері көп ішімдіктерге бұрын салынған 10 пайыз мөлшеріндегі салықты толығымен алып тастаған. Бұдан бөлек көңіл көтеретін орындарға салынатын акцизді салық екі есе төмендетілмек. Үкімет өкілі Чай Вачаронгтың айтуынша, бұл салықтық өзгерістер осы жылдың соңына дейін әрекет етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!