Қазақстандықтар "әлемдегі ең бақытты елде" тегін демала алады

Алтыншы жыл қатар "әлемдегі ең бақытты ел" атағын Финляндия жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі thrillist.com басылмына сілтеме жасап.

Бұл еуропалық елдің билігі керемет науқан өткізіп жатыр: 10 адам төрт күндік демалысқа жолдаманы ұтып ала алады. Олар алдағы шілде айында Visit Finland ұйымдастырған бақыттың шеберлік-сағатына қатысады.

Бұл конкурсқа қазақстандықтар да қатыса алады. Ресми туристтік сайттағы ақпарат бойынша сізге онлайн тіркеліп, TikTok немесе Instagram желісінде "Өз ішіңдегі финді іздеу жолы" атты тапсырманы орындау қажет.

Тапсырма қандай? Сізге ролик түсіріп, онда шеберлік сағатына неге қатысқыңыз келеді және финдермен қандай жеке қасиетіңіз ұқсас екенін айту керек.

"Олар Куруда - адам аяғы баспаған орманмен қоршалған курорта өмір сүреді. Өтінішті қабылдау 2023 жылдың 2 сәуірінде басталды", - деп жазады дереккөз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!