Қазақстандық туристер үшін ПТР-тестің ең қымбат бағасы аталды

Коронавирусты анықтайтын ПТР-тест нәтижесі теріс деген анықтамаңыз болмаса, Қазақстанға ұшатын бортқа отыра алмайсыз. Осылайша, қазақстандықтарға шетелде жүргенде өз ақшасына коронавирусқа талдау жүргізуге тура келеді. ПТР-тест қай елде және қандай бағамен жасалатыны туралы Кaz.tengritravel.kz  материалында.

Материалда қазақстандық туристер арасында ең танымал және қолжетімді бағыттар туралы айтылады. Тізім ПТР-тестің ең төменгі бағасынан ең қымбат бағасына дейін жасалды.

Қазақстан - 6 500 теңгеден бастап

Қазақстанда ПТР-тесті ең қолжетімді бағамен  - 6 500 теңгеден 7 490 теңгеге дейін жасауға болады. Нәтижесін 24 сағаттан 48 сағат аралығында алуға болады. Зертханалардың тізімін мына сілтемеден қарай аласыз. Кейбір шағын зертханада туристік пакетті сатып алған туристер үшін одан да қолжетімді бағамен - 4 500 теңгеден жасайды. 6 сағат ішінде нәтижеcін беретін зертханалар да бар. Сондай-ақ жеделдікке және басқа жағдайларға байланысты баға 20 000 теңгеге дейін артуы мүмкін.

Қырғызстан - 8 052 теңгеден бастап

Қырғызстаннан шығатын кезде ПТР-тестін мемлекеттік немесе жеке зертханаларда тапсыруға болады. Біріншісіне Бішкектегі Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті және Ош қаласындағы Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы кіреді. Тест құны - 1 574 сом (8 052 теңге). Жұмыс кестесін тапсыру алдында нақтылау қажет. Нәтижесін сол күні алуға болады.

Жеке зертханаларға Бонецкий зертханасы, AQUA, "Интермедикал", "Гемотест" кіреді. Құны 1 700 - 2 390 сом (8 697-12 227 теңге).

Өзбекстан - 9 440 теңгеден бастап

Өзбекстанда ПТР-тест бағасы 230 000 - 300 000 сум (9 440 - 12 313 теңге). Зертханалар телеграм-ботқа қосылған. Ол нәтижелерді қысқа мерзімде береді. Ташкент халықаралық әуежайында Medical point зертханасы орналасқан. Нәтижесі 24 сағат ішінде электрондық поштаға келеді. Зертханалардың толық тізімін мына жерден көруге болады.


Кукелдаш медресесі, Ташкент. © Shutterstock

Түркия - 9 679 теңгеден бастап

Түркиядағы ПТР-тестілердің құны қала мен шұғылдығына байланысты 180-нен 300 лираға дейін (9 679-дан 16 131 теңгеге дейін) өзгереді. Нәтижелер 8-48 сағат аралығында дайындалады. Бүкіл ел бойынша рұқсат етілген зертханалардың толық тізімін сілтеме арқылы алуға болады. Стамбулдағы әуежайдың келу залында Сафак ауруханасы деп аталатын ПТР-тест өткізу пункті бар. Мұнда нәтижені 4 сағаттан кейін алуға болады, ал бағасы 250 лира (13 442 теңге) болады.

Сондай-ақ туроператорлар қонақүйлерде тестілеуді ұйымдастырады. Бағасы - 290 лира,турпакетке кіреді.

Грузия - 12 570 теңгеден бастап

Грузияға келгендер ПТР-тестін екі рет тапсыруға мәжбүр болады. Біріншісін елге келгеннен кейін үшінші күні жасау керек. Ал екінші рет - мемлекеттен шығарда Қазақстанға келу үшін тапсырады. Құны - бір адамға шаққанда100-180 лари (12 570 - 22 400 теңге). Зертханалар тізімін мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Тбилиси панорамасы, Грузия. © Shutterstock

Мысыр - 12 950 теңгеден бастап

Мысырға бара жатып, туристер негізінен 30-40 доллар тұратын ПТР тесті бар туристік пакетті сатып алады (12 950 - 17 272 теңге), керек десеңіз тест алушылар сіз жатқан қонақүйге келеді. Бағаға зертхана қызметкерлерін тасымалдау және қонақүйде нәтижелерді ұсыну кіреді.

Сондай-ақ, туристер күн сайын 10:00-ден 17:00-ге дейін Sharm International hospital-да өз бетінше тест тапсыра алады. Нәтижені күту уақыты - 48 сағат, ал бағасы - 1 680 Мысыр фунты (46 456 теңге). Аурухана әуежайдан 20 минут қашықтықта орналасқан және төлем тек Мысыр валютасында қабылданады.

Шри-Ланкада екі сынақтан өту керек. Біреуі - келу кезінде, екіншісі - ұшу алдында. Тест қонақүйде де тапсырылады және оның құны тур пакетіне кіреді.

Ресей, Мәскеу - 13 000 теңгеден бастап

Мәскеуде зертханалық ПТР-тест құны - 2 300-2 500 рубль, шамамен 13 000 теңге. Нәтижені бір күнде қағаз күйінде және электронды пошта арқылы да алуға болады. Экспресс-тест жасайтын зертханалар да бар. Құны - 2 750 рубль (15 405 теңге), нәтижені бір сағаттан кейін алуға болады.

Бүгінгі таңда Мәскеуде 60 зертхана тестілеуден өткізеді, олардың ішінде ең көп тарағандары - "Гемотест", "Хеликс" зертханасы, "Ситилаб", "Медси" және басқалары. Сонымен қатар, Домодедово әуежайының бірінші қабатында, ішкі рейстердің келу аймағында, төртінші кіреберісте тәулік бойы зертхана бар. Құны қаладағы бағадан 200 рубльге (1 123 теңге) жоғары.


Мәскеу, Қызыл алаң. © Shutterstock

Украина, Киев - 13 873 теңгеден бастап

Киевтің Борисполе әуежайында шұғыл сынақтар жасалады, нәтиже 6-12 сағат ішінде шығады. Сынақ мерзімін зертханада нақтылаған жөн. Бағасы - 900-ден 1 500 гривенге (13 873 - 23 220 теңге) дейін мерзіміне байланысты өзгереді. Қалада тест тапсыратын зертханалардың ішінде: ADONIS, Мед Лаб, Ескулаб, ІММД, UNIVERSUM.CLINIC, CSD. 

БАӘ - 17 717 теңгеден бастап

Толық турпакетті сатып алатын қазақстандықтар үшін туроператорлар "зертхананың" және сол саланың мамандарының қонақүйге келуін жиі ұйымдастырады. Тест бағасы билет құнына кіреді. БАӘ-де бағасы шамамен 50-55 доллар (21 590 - 23 749 теңге) болады, әрине туроператорға байланысты. Нәтиже 24 сағат ішінде электрондық поштаға жіберіледі. Тестілеуге және шақыруға жазуды гидтер жүзеге асырады. Баға Рас Эль-Хаймадан басқа барлық қалаларға жарамды. Соңғы қалада туристерге тесттер тегін беріледі.

БАӘ-де сонымен қатар өз жолымен баратын туристер де көп. Жергілікті зертханалар 150-250 дирхамға ПТР тесттерін жасайды (17 717 - 29 527 теңге). Нәтижелерді жеделдікке байланысты 24-48 сағат ішінде ұсынуға болады. Мұндай зертханаларға Mediclinic, Medcare, Thumbay ауруханасы, Medeor ауруханасы, Saudi German ауруханасы кіреді.


Дубай. © Shutterstock

Германия - 30 470 теңгеден бастап

Германияда қалаға және жеделдікке байланысты тест бағасы 59-дан 250 еуроға дейін (30 000-нан 128 000 теңгеге дейін) өзгереді. Германияның барлық қалаларының әуежайларында 24 сағат ішінде сынақ жүргізетін зертханалар бар. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Германияға туристік мақсатта кіруге тыйым салынғанын атап өткен жөн.

Мальдив аралдары - 43 000 теңгеден бастап

Мальдив аралдарында туристерге қонақүйлерде ПТР тестін тапсыру ұсынылады. Оның құны туристік пакетке кірмей қалуы да мүмкін. Туроператорға, орналасу түріне, адам санына және қонақүйге байланысты құны 100-ден 200 долларға дейін (43 000-нан 86 000 теңгеге дейін) өзгереді. Қонақүйлерден тесттердің болжалды құнын мына жерден табуға болады сілтеме.

Еске салайық, Қазақстан Бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес 5 жастан бастап барлық жолаушылар Қазақстанға шетелден келетін ұшақтың бортына қонғанға дейін теріс нәтижесі бар ПТР-тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс. Бұл жағдайда тест нәтижесі үш күннен аспауы керек. "Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына жібермеу керек", - делінген жаңа қаулыда.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.