Қазақстандық туристер арасында танымал бағыт Шенген аумағына кіруі мүмкін

Кипр 2024 жылы Шенген аумағына кіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Константинос Комбос мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, бұл шара келер жылға басты мақсаттардың бірі екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі SchengenVisaInfo порталына сілтеме жасап.

Комбос бұл туралы келер жылға жоспарларды таныстыру кезінде айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit Cyprus (@visitcypruscom)

Кипр 2004 жылы ЕО құрамына кіргенін айта кету керек. Осыдан бері жергілікті тұрғында еуропалық елдерге визасыз бара алады, осы ереже аясында еуропалықтар да Кипрге визасыз кіре алады. Алайда шекарада төлқұжат тексеру шарасы қала береді. Мұны тек Шенген мүшесі болған кезде ғана ресми түрде алып тастайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!