Қазақстандық турист "Өлілер қаласында" парапланнан құлады

Қазақстандық 33 жастағы турист Солтүстік Осетияның Даргавс ауданында парапланнан құлады, - деп хабарлайды "15-й Регион".

Зардап шеккен адам тірі, алайда ол көптеген жарақаттар алған және медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр, ота жасалды. 

Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. 

Түсіндірме:

Даргавс - Солтүстік Осетияның көпшілік көп жиналатын көрнекі жері, оның "Өлілер қаласы" деген екінші атауы да бар. Бұл қала туралы біз мына материалда жазғанбыз.