Қазақстандық 33 жастағы турист Солтүстік Осетияның Даргавс ауданында парапланнан құлады, - деп хабарлайды "15-й Регион".
Зардап шеккен адам тірі, алайда ол көптеген жарақаттар алған және медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр, ота жасалды.
Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз.
Түсіндірме:
Даргавс - Солтүстік Осетияның көпшілік көп жиналатын көрнекі жері, оның "Өлілер қаласы" деген екінші атауы да бар. Бұл қала туралы біз мына материалда жазғанбыз.