Қазақстандық жігіт Үндістанға барып, жарты жылға қалып қойды

Ермек Әмірханов кейінгі 2,5 жылда бүкіл әлемді белсенді түрде шарлап жүр. Ол қазақстандықтар бара бермейтін аймақтарға барғанды ұнатады, ол жақтың мәдениетін апталап кейде айлап зерттейді екен. Ол Үндістанмен жақсырақ танысуға ниетті, ол елді мотоциклмен шарлап шыққан. Tengritravel.kz тілшісі жиһанкезбен сұхбаттасып, Мысыр, Түркия және БАӘ-ден мезі болғандарға басқа қайда саяхаттауға болатынын сұрап білді.

Ермек өзі болған елдердің арасында ең ұнағаны Үндістан мен Индонезия болған.

Оның айтуынша, өңірлерде діни, мәдени және салт-дәстүр әралуандығы таңғалдырады, сол себепті бұл жақтың адамдары толерантты болып келеді. Ермектің тағы бір айтары Үндістан мен Индонезиядағы баға қазақстандықтар үшін өте қолжетімді, соның салдарынан демалыс тиімді өтеді.

Материал кейіпкері ұсынған сурет

Үндістан

26 жастағы саяхатшы Үндістанды мотоциклмен аралады. Алайда, Ермек алдына тек ұзақ жол жүруді мақсат етпегендіктен, жігіт елде 6 ай тұрып, оның үшеуін ғибадатханада өткізген. Онда ол монахтармен қатар өмір сүріп, өмір философиясын үйренді.

"Үндістан - ең мейірімді адамдар өмір сүретін, өз өмірін бағалайтын және сүйетін елдердің бірі. Бізге - тас джунгли тұрғындарына олардан үйренеріміз көп. Елдің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан ол сізді не бірден ғашық етеді, не мүлдем қайтып келмейтіндей қылады", - деп бөлісті ол.

Материал кейіпкері ұсынған сурет

Бағаға келетін болсақ, Ермек Үндістандағы баға Қазақстанға қарағанда төменірек екенін айтады. Бұл елдің экономикалық және демографиялық жағдайына тікелей байланысты.

"Елдегі баға саясаты әр түрлі. Мен бір бөлмені күніне не 800 теңгеге, не 25 мың теңгеге жалға алатын едім. Орташа алғанда, орташа деңгейлі бөлмеде бір күн 12-13 мың теңге тұрады", - дейді ол.

Отарлау тарихына қарамастан, Үндістанда және әсіресе ауылдарда барлығы бірдей ағылшын тілін білмейді. Кейде қазақ қарапайым нәрселерді түсіндіру үшін ым тіліне жүгінуге мәжбүр болды.

Материал кейіпкері ұсынған сурет

Үндістандағы тағамға келетін болсақ, ол тіпті туристік жерлерде де салыстырмалы түрде арзан. Түскі ас, Ермектің айтуынша, 5-6 доллар (2300-2800 теңге), ал ауылдарда одан да арзан болады.

"Үнді гастрономиясы мүлдем антисанитария жағдайында, бірақ бұл олар үшін қалыпты жағдай. Туристік аймақтарда солай, ал ірі қалаларда антисанитарлық жағдай кең тараған деп айтпас едім. Бірақ шалғай ауылдарда жайлылық пен тазалық аз", - деп ескертеді ол.

Индонезия

Ермек бұл елді "жердегі жұмақ мекен" деп атады. Жігіт белсенді өмір салтын жүргізгенді жөн көреді, сондықтан Индонезия оның үмітін ақтады. Мысалы, оған жанартаулар, таулар, мұхит бар табиғат ұнады.

Елде демалыстың барлық түрі, ойлы-қырлы жерлерде жаяу серуендеуге барлық мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жүзуге, серфингке баруға, ұзын аспалы вагонға мінуге болады", - деп бөлісті ол.

Материал кейіпкері ұсынған сурет

Индонезияда діни де, пұтқа табынатын да көптеген ғимарат бар. Бұл қарама-қайшылықтар мен мәдени әртүрлілік елі, дейді жігіт. Ондағы күнкөріс шығындары, Ермектің айтуынша, әркімнің қалауына байланысты. Сіз миллиондаған теңге жұмсай аласыз немесе бюджетке қолайлы демалыс нұсқасын таңдай аласыз.

"Мәселен, мен вилланы айына 200 мың теңгеге жалдадым, ал мотоциклді күніне 2300 теңгеге жалға алдым. Тамақтану 1500-2500 теңге, кейде одан да көп", - деп түйіндеді ол.

Қазір жігіт бесінші ай қатарынан саяхаттап, Оңтүстік-Шығыс Азияның мәдениетін зерттеп жүр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!