Белгілі отбасылық дәрігер және педиатр Дмитрий Киреев Аляскадағы Солт-Лейк-Сити, Юта штатынан сапардан келе жатып, ұшақ бортында өзін нашар сезінген жолаушыға алғашқы көмек көрсеткен. Ол ұшақ бортында дәрігердің қажет екенін естігенде бірден көмекке барған. Оқиғаның мән-жайын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Қазақстандық дәрігердің айтуынша, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, АҚШ-тағы сауалнамаға қатысқан дәрігерлердің жартысынан көбі ұшақта медициналық қызметкер қажет болғанда орындарынан тұрмауды жөн көреді екен. Бұндай қадамдарға іссапарға ұшып, науқастардан шаршағаннан, демалысын үзгісі келмегеннен баратыны айтылған.
"Менің неге жауап бергенімді сұрап жатырсыз. Мүмкін, менде осындай жағдайлар болғанда маған көмектесуге асығып тұратын жақсы мұғалімдердің тәрбиесін алғаннан шығар", - дейді доктор Киреев.
Осы жылдың қазан айында Дмитрий Киреев Юта штатындағы Солт-Лейк-Ситиге Аляска сапарынан қайтып келе жатқан болатын. Ұшқаннан кейін бір сағаттай уақыт өткенде қолында сәбиі бар жолаушылардың бірі ауырып қалған.
"Ұшқаннан кейін бір сағат ішінде қысымға байланысты реакциялардың болуы таңғаларлық жағдай емес (жиі және қауіпсіз). Ұшақта дәрігер қажет екенін айтқанда бірден көмектесуге бел байладым. Себебі ол ауырғаннан қатты айқайлаған болатын", - деп еске алады қазақстандық дәрігер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Киреев Солт-Лейк-Ситиге баратын алты сағат жолда әйелдің жағдайы тұрақталғанша бақылап отырған.
"Delta Airlines әуе компаниясының борттық қобдишасы жаңа технологиямен жабдықталғандықтан, керек дәрілердің барлығы болды. Бір сөзбен айтқанда, біз ауруды жеңе білдік. Біз ұштық. Менің досым нәрестені анасы жазылғанға дейін 6 сағат бойы қарады. Оған көп рақмет", - деп қосты дәрігер.
Дмитрий Киреев - отбасылық дәрігер және педиатр, америкалық отбасылық дәрігерлер қауымдастығының (AAFP) мүшесі, түрлі курстардың авторы және доктор Киреевтің отбасылық медицина мектебінің бас сарапшысы. Парақшасында 130 000 оқырманы бар дәлелді медицина туралы инста-блогтың авторы. Ол сондай-ақ ультрамарафон жүгірушісі және үш мәрте IRONMAN қатысушысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!