12 тамызда оңтүстіккореялық БАҚ өкілдері Сеул қаласында автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған 50 жастағы қазақстандық әйел туралы жазған еді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Біз мән-жайды анықтадық, ол бұрыннан сонда тұрады екен, кәсіппен айналысады. Оған этникалық виза берілген - ол этникалық корей, жолдасымен бұрыннан тұрады. 2020 жылы ол мамандандырылған ауруханада стационарлық ем қабылдаған. Оқиға болған кезде ол дәрінің әсерінен істеген болуы мүмкін. Ол күрделі ем қабылдап жатыр. Таяуда консул оған барады. Жағдайды бақылауда ұстайтын боламыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оңтүстіккореялық БАҚ мәліметінше, оқиға жол үстінде болған. 50 жастағы әйел автобусты тоқтатып, жүргізушіні пышқапен жарақаттаған. 10 тамызда әйелді Сеулдің Сеочо полицйе бөлімшесіне жеткізген. Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ол ауруханада емделіп шыққан. Оқиға болған кезде автобуста басқа жолаушылар болмаған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері әйелдің неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!