Қазақстандық әуекомпанияда Дубайға кірудің жаңа ережелері туралы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубай ПТР-тестінің мерзімін кейбір елдің тұрғындары үшін 48 сағатқа дейін қысқартты. Kaz.tengritravel.kz тілшісі жаңа ережелер қазақстандықтарға қатысты ма, жоқ па, соны анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Дубай ПТР-тестінің мерзімін кейбір елдің тұрғындары үшін 48 сағатқа дейін қысқартты. Kaz.tengritravel.kz тілшісі жаңа ережелер қазақстандықтарға қатысты ма, жоқ па, соны анықтады.

БАҚ пен Emirates және flydubai әуекомпанияларының мәліметтеріне сәйкес, 3 ақпаннан бастап Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің тұрғындарына қатысты ережелер өзгерді.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының мәліметінше, Әмірліктер билігі тарапынан қазақстандықтарға қойылатын талаптар өзгерген жоқ.

"Ескі ережелермен жұмыс істеп жатырмыз, бізге ешқандай жаңартулар жіберілмеді. Әзірге 72 сағат болып қалады (ПТР тестінің жарамдылық мерзімі - авт.) ", - деп түсіндірді әуекомпанияның баспасөз қызметіндегілер.

Тиісінше, Дубай әуежайының веб-сайтындағы кіру ережелеріне сәйкес, қазақстандықтар жеке ережелері бар тізімде көрсетілмеген "кез келген елдің" тұрғындары үшін жалпы талаптарды орындауы керек. Яғни, ұшатын елде жөнелтуге дейін 72 сағаттан аспайтын уақытта ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетеді. Сондай-ақ, келген кезде қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная