Қазақстандық әнші танымал туристік қалаларды салыстырды

Жақында Хайнаньға барған KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш елдегі демалысынан алған әсерімен бөлісіп, оны Дубаймен салыстырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Эстрада жұлдызы Хайнаньның таза ауасы мен ерекше табиғатына тамсанғанын айтты.

"Теңіздің жанында, күннің астында наушник тағып алып, кітап оқып, загар алып, от души демаламын деп келген адам теңізге бір рет те түспеді ғой. Қатты армандап қойыппын. Мұнда ауа райы маған бассейнге түсе бер деді. Әппақ болып қайтатын болдым. Тек қонақүйдің мықтылығы мені құтқарды десем болады. Ауласының өзі медитация. Азия мәдениетімен салынған сапалы ғимарат. Табиғаты ерекше. 100 пайыз таза ауа", - деді ол.

Сонымен қатар әнші соңғы айларда үш елге, атап айтқанда Хайнань, Тайланд, Дубайға барғанын атап өтті. Айтуынша, үшеуінің ішінде Дубайдағы демалысы қатты ұнаған.

"Маған Дубайда демалу көбірек ұнады. Теңіз жағасы, ауа райы, қыдыратын жерлер көп, атмосфера ерекше. Сені тек алға қарай жетілуге шабыт беретін ел", - деді Бидаш.

Бұдан бөлек өнер иесі көпшілік не себепті Дубайды таңдайтынын айтты.

"Бәрі Дубайға барып демалатын себебі атмосферасы бөлек, оны тек барып сезіне аласыз. Тек позитивке толы ғой", - деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!