"Қазақстан жоқ". Туристер үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдер тізімі жарияланды

The Swiftest туристік порталы туризм үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдер тізімін ұсынды. Рейтингті жасау кезінде қылмыс деңгейі, уланудан және антисанитариялық жағдайдан болатын өлім-жітім, апаттардың жиілігі мен табиғи апат қаупі ескерілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Неге екені белгісіз, бірақ бұл тізімге Қазақстан кірмеген, алайда оңтүстіктегі көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстан 16 және 17 орындарды өзара бөліскен.

Антирейтинг тізіміндегі 10 ел мынадай:

  • Оңтүстік Африка Республикасы,
  • Үндістан,
  • Доминикан Республикасы,
  • Мексика,
  • Бразилия,
  • Камбоджа,
  • Филиппин,
  • Сауд Арабиясы,
  • Вьетнам,
  • Индонезия.

Travel Rambler мәліметінше Оңтүстік Африка Республикасы Оңтүстік Африка елдері арасында кісі өлтіру деңгейі ең жоғары (100 000 халыққа шаққанда 36,40), ал ел жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу бойынша алтыншы орында.

Үндістан антисанитариялық жағдайға байланысты, ал Доминикан Республикасы - жол қозғалысы ережелерін сақтамау, жылдамдықты асыру және алкогольдік мас болу салдарынан жиі болатын жазатайым оқиғаларға байланысты қауіпті саналады.

Портал қауіпсіз деп Дания, Сингапур, Нидерланды, Израиль және Швейцарияны атаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!