World Population Review порталының сарапшылары әлемде 100 мың адамға қылмыс саны бойынша қауіпті елдер рейтингін құрастырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Зерттеушілер тұжырымы бойынша, анти рейтингтің үздік үштігіне Венесуэла (83,76 ұпай), Папуа - Жаңа Гвинея (80,79) және Оңтүстік Африка (76,86) енген: жоғарғы орын - криминалдық жағдайдың көптігінің дәлелі.
53,77 ұпаймен Қазақстан 40-орында тұр. Қырғызстан 56,87 ұпаймен 31-орында. Ал Өзбекстан 33,42 ұпай жинап, 99-орынға тұрақтаған. Қытай - 108-орын (30,14) және Ресей - 86-орын (39,99).
136 мемлекеттен тұратын рейтинг соңында Тайвань, БАӘ және Катар тұр. Бұл елдерде қылмыс деңгейі өте төмен.
Зерттеу авторлары қылмыс деңгейі әр елде әр түрлі болатынын және көптеген факторларға байланысты екенін атап өтті. Мысалы, кедейлік пен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі елдегі қылмыс деңгейін жоғарылатады. Керісінше, полицияның қатаң бақылауы мен қатаң үкімдері қылмыс деңгейін төмендетуге бейім.
Сарапшылардың пікірінше, жас пен қылмыс арасында күшті корреляция бар: қылмыстардың көпшілігі, әсіресе зорлық-зомбылық қылмыстары 20-30 жаста жасалады екен.