Қай елге барып тамақтануға болады? Қазақстанның ең керемет гастрономиялық бағыттары жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Саяхатта дәмін татқан дәмі тіл үйірер тағамдар сияқты ештеңе көңілге ләззат сылйамасы анық. Мұндай жағымды әсерлер есімізде сақталып қалғандығы сонша, қайталау үшін тағы да сол бағытқа билет сатып алуға мәжбүр етеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қазақстаннан гастрономиялық тәжірибе алу үшін қай елдерге баруға болатыны жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Саяхатта дәмін татқан дәмі тіл үйірер тағамдар сияқты ештеңе көңілге ләззат сылйамасы анық. Мұндай жағымды әсерлер есімізде сақталып қалғандығы сонша, қайталау үшін тағы да сол бағытқа билет сатып алуға мәжбүр етеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қазақстаннан гастрономиялық тәжірибе алу үшін қай елдерге баруға болатыны жайлы баяндайды.

Түркия

Түрік тағамдары әлемдегі ең түрі көп тағамдардың бірі болып саналады. Мұнда бәрі дәмді: қарапайым көше тағамдарынан мейрамханадағы тағамға дейін. Мұнда әркім өз талғамына сай тамақтана алады, өйткені түрік асханасы елдің өзі сияқты тарихы бай мен дәстүрі мол. Түріктер негізінен отқа қақталған қой етінен, балықтан, сиыр және құс етінен тағамдар әзірлейді. Дәмдеуіштер пайдаланылады, бірақ үнді асханасына қарағанда орнымен қолданады.

Кебаб - ашық отта пісірілген қой, сиыр немесе тауық еті. Оның танымалдылығының құпиясы етті ерекше тұздауында жатыр. Неше түрлісі бар - искандер кәуабы, адана кәуабы. Айтпақшы, біріншісі, аңыз бойынша, Ескендір Зұлқарнайынның атымен аталады, өйткені ол бір жапырақ нанға қуырылған қой етінің салып, жасымықпен сеуіп, қаймақ құйып жеген деседі.


@pixabay

Адана-кебаб - пешке қуырылған, мол бұрыш қосқан тартылған ет. Түркиядағы кебабтардың түрлері өте көп. Сіз өзіңізше квест ұйымдастырып, барлығын татып көре аласыз. Айран туралы ұмытпаңыз, мұнда ол керемет дәмді.

Түркия балық пен басқа да теңіздегі тіршіліктен алынған түрлі тағамдарға бай. Теңіз жағалауындағы дәстүрлі фастфуд – балық-екмек – қуырылған алабұға төс еті салынған нан немесе салат, пияз, қызанақ және лимон қосылған дорадо балығы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЭКСКУРСИИ ГИДЫ В СТАМБУЛЕ (@guidelandia)

Көкөніс тағамдары мен салаттардың барлық түрлері Түркияда өте танымал. Мысалы, тахин қосылған пияз - бұршақ салаты. Ол қызанақ, суға пісірілген жұмыртқа, шөптер, сірке суы мен тахин соусынан тұрады. Әдетте қой етінен жасалған ұсақ котлеттер пиязбен беріледі. Түркияда пияз бен котлеттен басқа ештеңе дайындамайтын дәстүрлі асханалар бар.

Мержімек чорбасы – жасымық көжесі. Бұл тағам міндетті түрде қызыл бұрыш түйіршіктері мен лимон шырынымен дәмделеді. Бұл сорпадан басқа тархана чорбасы – кептірілген және ұнтақталған көкөністерден, ашытқы мен ұннан жасалған ұлттық тағам, жасыл жасымық қосылған вермишель сорпасы мен ішек-қарын, өкпе-бауыр сорпасын татып көріңіз.

Түркиядағы вегетариандық тағамдардың ішінде имам баялды – көкөніс толтырылған баялды бар. Баялды тағамы дәмдеуіштер мен томат қосылған пияз, жасыл бұрыш, қызанақ, сарымсақ және шөптерден дайындалады. Мұның бәрі пеште пісіріліп, нан мен қаймақпен бірге ұсынылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@tally_thaigirl)

Түрік тәттілері мен барлық тіскебасар түрлері ұлттық асхананың сәні. Сіз оларды Түркияда міндетті түрде дәмін татып көріңіз және оларды достарыңыз бен отбасыңызға сыйлық ретінде, әсіресе түрік рахат-лукумын әкелуіңіз керек. Тәттілердің ішіндегі ең қызығы – әйгілі дондурма балмұздағы. Ол ағаш бөшкелерде тек табиғи өнімдерден дайындалады: кептірілген орхидея тамыры, ешкі сүті, жемістер. Олар оны шанышқы мен пышақпен жейді. Сұлтандар көптен сонау заманнан бері қонақтарын осындай нәзіктікпен таң қалдырды. Бұл балмұздақтың сатушыларында тамаша әзіл бар, сондықтан әрбір сатып алғанда әзіл-қалжың бірге жүреді.

Грузия

Грузияда тек грузиндер ғана емес, сонымен қатар кахеттер, аджарлар, свандар, мигрелдер де тұрады. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Кахетиде шарап ең жақсы ас болып саналады, Аджарияда - хачапури-қайықтар, Мегрелияда - сациви, Сванетияда - нағыз сулугуни.

Грузиядағы кез келген тамақтану шарап ішіп, тост айтылатын ұзақ мерекеге айналады. Үстелде әр жарты сағат сайын жаңа тағамдар әкелінеді, сондықтан барлығын тауысуға тырыспаңыз. Тіскебасар әдетте бірінші болып беріледі. Оларға пхали - шпинат шарлары, қызылша, жаңғақ және дәмдеуіштер қосылған қырыққабат, ажапсандали - әдетте нанмен бірге жейтін көкөніс бұқтырмасы, лобио - бұршақ қосылған тағам, ол бір түскі астың орнына жетерлік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABKHAZIA АҦСНЫ (@insta_abkhazia)

Грузияда нанның көптеген түрлері бар және олардың әрқайсысы белгілі бір тағаммен бірге ұсынылады. Мысалы, шағын тығыз жүгері наны мчади сорпамен беріледі, мргвили дөңгелек нан және ұзын дедас-пури харчо, сациви және лобио тағамдарына ұсынылады, дайын кәуапты шоти қайықтарына салып, ет дәмді болатындай етіп басқа нанмен жауып, суытпай әкеледі.

Әйгілі хачапури төрт түрлі болады: грузиндер мегрули деп атайтын мегрел хачапуриі, үстіне ірімшік салынған дөңгелек нандар. Имерта хачапуриі (имерули) - ішіне ірімшік салынған дөңгелек жұқа нан. Гуриан хачапури - жарты ай пішінді шелпек, ал аджар хачапуриі - ірімшік, жұмыртқа және майы қосылған қайық пішінді жұқа нан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Диана| Content creator (@dikuznetsovvva)

Дастарханға жеңіл тағамдар, нан және хачапури ұсынылғаннан кейін ет тағамдары әкелінеді. Олар негізінен хмели-сунели, кинза, тархун (эстрагон), райхан, сван тұзы сияқты дәмдеуіштермен дайындалады. Ет тағамдары құс етінен, сиыр мен қой етінен дайындалады. Чахохбили - қызанақ пен құс етінің бұқтырмасы, сациви - жаңғақтағы тауық еті, даршын және шафран соусы, чашушули - көкөністермен бұқтырылған сиыр еті, чакапули - эстрагон қосылған қой еті.

Грузияда нан мен соусты қажет етпейтін бір негізгі тағам бар - хинкали, грузин мантысы. Оларды көп жеу әдетке айналған, ал салмасы әртүрлі болуы мүмкін: ет, картоп, ірімшік немесе саңырауқұлақ. Хинкалиді жеу - ерекше рәсім, онымен тамақтанар алдында танысып алған жөн.

Әзербайжан

Әзірбайжан асханасы алуан түрлі: ет, құс еті, балық, жемістер мен көкөністер, сүт өнімдері, дәмдеуіштер мен шөптердің барлық түрлерінен жасалған тағамдар.

Ал турист Әзербайжанда бірінші болып дәиін тату керек тағам - палау. Мұнда ол ерекше дайындалады. Әзірбайжан палауының басты ерекшелігі - ең маңызды ингредиенттерді бөлек дайындау. Күріш, ет және кептірілген жемістер немесе басқа қоспалар жеке-жеке дайындалады, тек үстелге қойғанда ғана араластырады. Әзірбайжанда палаудың ондаған түрі бар, сондықтан әртүрлісін жеп көрген жөн: каурма - қой еті қосылған палау, турши-каурма - қой еті мен қышқыл жемістерден, шах-палау - лаваш нанындағы классикалық түрі, чи-дошамья-каурма - қой етімен, асқабақ пен каштан, тоух - тауық кесектерімен, фисинжан - тефтели, тәтті және қышқыл соусымен, грек жаңғағы, сюдлу - сүт (шын мәнінде мейіз және шафран қосылған күріш ботқасы), ширин - кептірілген өрік және мейіз қосылған жемісті әзірбайжан палауы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рецепты на каждый день (@food_eda_blog2021)

Садж – кең шойын таба, әрі ұлттық тағам. Қыздыратын кең дөңгелек табаға салынған ет, картоп, баклажан тілімдері. Бетінде қызарып күйген қабыршағы бар.

Пити қыш ыдыстарындағы аңызға айналған сорпа. Бұл сорпа көмір шоғында дайындалады. Құрамында - қой еті, пісірілген каштан, ноқат, пияз, сарымсақ. Ұсынылар алдында сорпаны туралған шөптер себеді. Нағыз пити Шекиде (Үлкен Кавказдың оңтүстік етегіндегі қала) құпия рецепт бойынша дайындалады: оларды қабаттап салып, пеште бірнеше сағат қайнатады, содан кейін қой етінің майы мен шафранның бір бөлігін қосады.

Әзірбайжандағы вегетарианшыларға аджапсандалидің дәмін татуға кеңес беріледі. Бұл шырынды әзірбайжан қызанақтарынан, дәмді баялдыдан, тәтті бұрыштардан, пияздан және сарымсақтан жасалған көкөніс бұқтырмасы. Ұнтақталған жаңа піскен шөптерден, хош иісті дәмдеуіштерден (шафран қажет), грек жаңғағы мен жұмыртқадан жасалған салқын тағам - кюкю сабзи. Сіз оны ұлттық тағамдар мейрамханаларында немесе көше дәмханаларында көре аласыз. Көптеген адамдар бұл тағам бәліш пен омлетке ұқсатып жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lunch up (@lunch_upp)

Ет жемейтіндер үшін довга да ұсынылады - мацониден (айран) көп жасыл желек қосылған сорпа. Ол салқын күйде ұсынылады.

Балықтан немесе тауықтан жасалған ляванги. Оны қызанақ, бұрыш, пияз, грек жаңғағы және дәмдеуіштермен дайындайды. Мұның бәрі тандырда пісіріледі. Долма және оның шығу тегі жайлы дау көп. Дегенмен, оны барлық жерде дәмін татып көру керек. Дәстүр бойынша, долма етпен толтырылған жүзім жапырақтары. Әзірбайжанда сіз долманың 10-нан астам түрін көре аласыз. Соңында, әзірбайжан мантысы - гюрза. Классикалық қамыр, ашытылмаған, ең нәзік қой етінен дайындаған, пияз, томат пастасы, дәмдеуіштермен толтырылады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная