Қай елдерде шайпұл қалдырғаныңыз үшін өкініп қалуыңыз мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Әдетте кафе, мейрамханаларда сіз даяшының жақсы қызметі үшін шайпұл қалдыруыңыз мүмкін, алайда кейбір елдерде бұл әрекетіңіз үшін өкініп қалуыңыз мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әдетте кафе, мейрамханаларда сіз даяшының жақсы қызметі үшін шайпұл қалдыруыңыз мүмкін, алайда кейбір елдерде бұл әрекетіңіз үшін өкініп қалуыңыз мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Қытай

"Құрлықтық Қытайда шайпұл қалдыру құпталмайды", - деп ескертеді басылым. Туристерді алдын ала мейрамхана саясатымен танысуды сұрайды, көптеген жерлерде шайпұл қалдыруға (алуға да) ресми түрде тыйым салынады.

"Егер сіз расымен қызметшілердің жұмысына разы болсаңыз, онда шын көңіліңізбен алғыс айтыңыз немесе хат жазып қалдырыңыз", - дейді мамандар.

Олардың айтуынша, такси жүргізушілері, гидтер және жүк тасушылар жәймендеп шайпұл алуға үйреніп келеді

Жапония

Осы елге қызығатын туристердің көпшілігі - мұнда шайпұл қалдыруға болмайтынын біледі, себебі бұл әрекет Жапонияда беймазалық немесе дөрекілік болып есептеледі.

"Ең кемі қызметшілер сізді қайтарым сомасы екен деп ойлап, сізді тоқтатып қайтарады немесе кейін қайтару үшін сізбен хабарласады", - дейді мамандар.

Жапондықтардың көз қарасы бойынша персоналға алғыс айту немесе өзіңізді әдепті ұстау артық етпейді.

Жаңа Зеландия және Аустралия

В этой части англоязычного мира чаевых от туристов также не ожидают. Хотя и возмущаться не будут. От большой компании чаевые в размере 10 процентов от счета сочтут приятным бонусом. Однако примечательно, что здесь официанты не полагаются на чаевые как на форму дохода.

Ағылшын тілді әлемнің бұл бөлігінде туристерден шайпұл алу қарастырылмаған. Алайда сіз шайпұл қалдырып жатсаңыз оған ешкім ренжімейді. Кафеде он адамнан көп отырыс болған жағдайда, шайпұл ретінде 10 пайызын алу жақсы бонус деп есептеледі. Алайда, бұл елде даяшылар шайпұлды табыс түрі ретінде есептемейді екен.

Басылым мәліметінше, АҚШ-та жағдай мүлдем басқаша - мұнда шоттың 20 пайызы шайпұл ретінде міндетті болып саналады, егер сіз оны қалдырмасаңыз мәселе туындауы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная