Қай елдер туристерге кіруді жеңілдетті

Жаздың басында тағы бірнеше ел коронавирусқа қарсыд шараларды жеңілдетті. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі сегіз бағыт бойынша өзекті ақпаратты ұсынады.

Түркия

Түркияда соңғы коронавирус шектеулері алынып тасталды. 1 маусымнан бастап туристерге Түркияға кіру үшін ПТР-тестінің немесе антигенге жедел тестің теріс нәтижелерін ұсыну қажет емес. Сондай-ақ, елде медициналық мекемелерді қоспағанда, қоғамдық орындарда бетперде кию тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа бұл шешімге тәулігіне инфекциялар санының төмендеуі әсер еткенін мәлімдеді.

Таиланд

Таиланд билігі вакциналау мәртебесіне қарамастан, елге келген барлық турист үшін карантинді алып тастады. Вакцина алған саяхатшыларға кіру үшін төлқұжаттан басқа, егу сертификаты және 10 мың долларлық шығындарды өтейтін медициналық сақтандыру қажет. Вакцина алмаған немесе ішінара вакцина алған шетелдіктерге келетін болсақ, сертификаттың орнына олар медициналық мекемеден антиген тестінің теріс нәтижесін немесе патшалыққа ұшудан 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестін ұсынуы керек.

Германия

Елге кіру үшін ковид шектеулердің көпшілігі жойылды. Енді вакцина туралы куәлікті немесе COVID-19 туралы куәлікті немесе коронавирусқа теріс тесті ұсынудың қажеті жоқ. Үкіметтің шешіміне сәйкес, жеңілдіктер 1 маусымнан 31 тамызға дейін әрекет етеді. Билік пандемияның жаңа толқыны басталса, күзде тағы да ковидке қарсы шаралар қабылдауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Италия

Италияда 1 маусымнан бастап кіреберістегі барлық қолданыстағы ковид шектеулері алынып тасталды. Елге жету үшін туристерге тек төлқұжат пен Шенген визасы қажет. 1 мамырдан бастап барларда, мейрамханаларда және стадиондарда бетперде режимі тоқтатылды. 15 маусымнан бастап қорғаныс құралдарын кинотеатрларда, театрларда және жабық іс-шараларда киюдің қажеті жоқ. Қоғамдық көлікте бетперде кию әлі талқыланып жатыр.

Кипр

1 маусымнан бастап Кипрге келген туристерге вакциналау туралы анықтама немесе ПТР сынағы немесе антигенге жедел тест нәтижесін ұсынудың қажеті жоқ. Елге ұшақтарда да, теңіз порттарынан да келгендер үшін карантин шектеулерін алынып тасталғаны нақтыланып жатыр. Осылайша, билік пандемияға дейінгі кіру ережелерін қайтарды.

Филиппин

30 мамырдан бастап толықтай вакцина алған филиппиндіктер мен елге келген шетелдіктер ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті емес.

Сондай-ақ, кетер алдында ПТР-тест талабынан толық вакцина алған ата-аналары немесе қамқоршылары еріп жүретін 12 жасқа дейінгі балалар босатылады. Сонымен бірге, елде саяхатты сақтандыру талабы жойылды.

Бельгия

Бельгияда 23 мамырдан бастап барлық шектеулер: вакцина сертификаттары, ПТР-тестілері, сауалнамалар алынып тасталды. Медициналық мекемелер мен дәріханаларды қоспағанда, бетперде режимі сол күннен бастап жойылды. Енді туристерге тек төлқұжат пен Шенген визасын рәсімдеу қажет.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.