Қауіпті инфекцияның кесірінен мыңдаған жолаушысы бар круиздік кеме карантинге жабылды

Бортында үш мыңнан аса адам бар норвегиялық Norwegian Dawn круиздік кемесі тырысқақ ауруының өршуіне байланысты Маврикийде карантинге алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі USA Today басылымына сілтеме жасап.

Кеме Оңтүстік Африканы аралап жүргенде бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекцияның белгілері біліне бастаған.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер өзін нашар сезінген 15 адамды оқшаулап, қан талдауын алды. Олардың нәтижелері 48 сағаттан кейін белгілі болады екен.

Осыдан кейін ғана әрі қарай қалай әрекет ететіні туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, қазір Кейптауннан круизге шыққан кеменің бортында екі мыңнан аса жолаушы мен 1 мың экипаж мүшесі бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!