Катар билігі ауқымды және алғашқы жобаны қолға алды. Елде ауданы 38 шаршы шақырым болатын жаңа қала салынып жатыр. Жоспарға сәйкес туристерді тартатын бұл орын Лусаил деп аталады және ол 450 мың адамды қабылдай алады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Independent басылымына сілтеме жасап.
Жаңа қала ел астанасы Дохадан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Онда тұрғын үйлер және коммерциялық аудандар, қонақүйлер, гольф алаңдары, ойын-сауық парктері және аквапарк болады. Ал 2022 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында жаңа қалада "Лусаил" футбол стадионы салынып жатыр. Ол 80 000 орынға есептелген.
"Лусаил" стадионы, Лусаил қаласы. Фото: mofa.gov.qa
Көптеген қонақүйден басқа Лусаил жағажайында ұзындығы 3,5 шақырым болатын курорт пайда болады. Бұл Дохадан 84 шақырым жерде орналасқан. Туристерге арналған жеке бассейндер мен демалу бақшалары бар кең жағажай виллалары да салынады.
Сондай-ақ саяхатшыларға 57000 шаршы метрлік аквапарк пен серфингке арналған арнайы орын әзірленеді. Картинг және лазертаг сияқты ойын-сауық болады. Катардың солтүстігіндегі Жаңа Зулал сауықтыру курорты елдегі ең үлкен және дәстүрлі араб медицинасын бірінші болып қолданатын жаңа орын болады.
Лусаил жағажайы. Фото @Shutterstock
Бүгінгі таңда бұл қала Катардағы тұрақты даму аясындағы ең ірі жоба болып саналады.
Қала тұжырымдамасы туризмді дамыту стратегиясының жалғасы ретінде Катардың 2030 жылға дейінгі ұлттық жоспары негізінде жасалды. Осылайша, билік қаланы әлем чемпионаты кезінде және одан кейін де туристер үшін тартымды еткісі келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!