Катарда ӘЧ-2022 дайындығы кезінде 400-ден аса мигрант қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

2022 жылы Әлем чемпионатын ұйымдастыру және мұрасы жоғарғы комитетінің бас хатшысы Хасан әл‑Тавади қаза тапқан жұмысшылар саны 400-500 болғанын айтқан. Осыған дейін Катар 2014-2020 жылдары аралығында ӘЧ-2022 нысандарында тек 37 адам қаза тапты деп мәлімдеген еді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы Әлем чемпионатын ұйымдастыру және мұрасы жоғарғы комитетінің бас хатшысы Хасан әл‑Тавади қаза тапқан жұмысшылар саны 400-500 болғанын айтқан. Осыған дейін Катар 2014-2020 жылдары аралығында ӘЧ-2022 нысандарында тек 37 адам қаза тапты деп мәлімдеген еді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында Хасан әл‑Тавади Катарда өтіп жатқан әлем біріншілігі нысандарының құрылысы кезінде 400-ден 500-ге дейінгі аралықта жұмысшы-мигрант қайтыс болғанын айтты.

"Қайтыс болғандар, шамамен 400-ден асады. 400-бен 500 аралығында. Менде нақты саны жоқ. Бір өлімнің өзі - бұл өте көп. Жыл санап нысандарда денсаулық және қауіпсіздік стандарттары жақсарып келеді, кем дегенде біздің нысандарда, әлем біріншілігі нысандарында, бұған біз жауаптымыз", - деді әл-Тавади.

Катар билігіне әлем біріншілігінің стадиондарын салу кезінде бірнеше рет жұмысшы-мигранттарға жағдай жасалмайтыны туралы айтылған.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы 2016 жылы мигранттар үшін адам төзгісіз еңбек шарттары мен еңбекке мәжбүрлеп тартылатынын хабарлады. 2022 жылы 11 қарашада Amnesty International есебінде жылдар бойы жағдай еш өзгермегені айтылады. Мигранттар күніне 18 сағат жұмыс істеп келген, "олар жұмыс ауыстыра алмайды, елден кете алмайды және жалақыларын айлап күтеді".

Guardian мәліметінше, 2010-2020 жылдары Катарда 6,5 мың жұмысшы-мигрант қайтыс болған, олар Үндістан, Пәкістан, Непал, Бангладеш және Шри-Ланкадан келген. Бұл мәлімет осы елдердегі қайтыс болған азаматтары туралы мәліметтерден алынды. Басылым мәліметінше, қайтыс болғандар саны одан да көп болуы мүмкін, себебі африкалық елдер мәлімет бермеген.

Өз кезегінде Катар үкіметі тіркелген өлімнің барлығы әлем чемпионатына арналған нысандарда жұмыс істеуге байланысты емес деп мәлімдеді. Мәлімдемеде көптеген адамдар кәріліктен немесе басқа да себептерден қайтыс болуы мүмкін екендігі айтылған.. Биліктің мәліметінше, 2014-2020 жылдар аралығында нысандарда 37 адам қаза тапты және олардың тек үшеуі - жұмыс уақытындағы жазатайым оқиғалардың салдарынан қайтыс болған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная