Қарт адам жартастан құлап, қыздарының көз алдында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарт адам Австралияның Спрингбрук ұлттық паркінде орналасқан Перлинг Брук сарқырамасының жанындағы жартастан құлап, екі қызының көз алдында қайтыс болды. Бұл туралы The Daily Mail жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Қарт адам Австралияның Спрингбрук ұлттық паркінде орналасқан Перлинг Брук сарқырамасының жанындағы жартастан құлап, екі қызының көз алдында қайтыс болды. Бұл туралы The Daily Mail жазады.

Британиялық басылымның мәліметінше, 79 жастағы ер адам Австралияға демалысқа келген. Жолдың тар бөлігіндегі сарқыраманың жанында серуендеу кезінде ол тепе-теңдік жоғалтып, 25 метрлік жартастан құлады.

Туристің қыздарының бірі әкесіне көмектесу үшін жартастың етегіне түсуге тырысқаны, бірақ оны құтқару мүмкін болмағаны атап өтілді. Кейін марқұмның қызы Австралияның Квинсленд штатының жедел жәрдем тікұшағымен қауіпсіз жерге жеткізілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная