Карпат тауларында демалыңыз. Украинадағы ең жақсы тау шаңғысы курорттары жайында не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Буковель Украинаға ғана емес, сырт елдерге де өте танымал курортты орын. Мұнда шаңғы мен сноуборд тебу үшін әр елден мыңдаған туристер келеді. Дамыған инфрақұрылымы, Карпат тауларының әсем көрінісі, тамаша қызмет көрсету - мұның барлығын осы жерден табуға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Украинада орналасқан сегіз тау шаңғысы курорты жайында баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Буковель Украинаға ғана емес, сырт елдерге де өте танымал курортты орын. Мұнда шаңғы мен сноуборд тебу үшін әр елден мыңдаған туристер келеді. Дамыған инфрақұрылымы, Карпат тауларының әсем көрінісі, тамаша қызмет көрсету - мұның барлығын осы жерден табуға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Украинада орналасқан сегіз тау шаңғысы курорты жайында баяндайды.

Украиндық Карпат таулары өзінің тұмса табиғатымен әйгілі, қорғауға алынған қорықтық аймақ екені белгілі. Қалың орманмен қоршалған асқақ таулар, арқыраған сарқырамалар, толқынды өзендер мен тау көлдері тек Украинадан ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де туристерді тартпай қоймайды. Қыста мұнда шаңғы мен сноуборд тебу үшін келеді. Жергілікті тау шыңдары бес айға жуық қар астында болады, барлық жерде шаңғы тебуге арналған орындар бар. Бүгінде Украинада 50-ден астам тау шаңғысы курорты бар, олар туралы мәліметтермен ары қарай бөлісеміз.

Бұл курорттардың көпшілігі ашылу мерзіміне қарамастан, жеткілікті дамыған инфрақұрылымы бар екені бірден байқалады. Әдетте, туристер курорт аумағында немесе оған жақын жерде әртүрлі жайғасу орындарын таба алады. Жатын орын табудың ең оңай жолы - мына жерден, мынадан немесе осы жерден таба аласыз.

Курорттардың аумағында, әдетте, дәмханалар мен мейрамханаларды, шаңғы мектептерін, жабдықтарды жалға алатын жерлер, автотұрақтарды, фельдшерлік пункттерді табуға болады. Кейбіреуінде шаңғы жөндеу шеберханалары бар.

Бір қызығы, жатын орын, жабдықты жалға алу, көтерілу құны жұмыс күндері немесе демалыс күндері келгеніңізге емес, маусымға байланысты болады. Қыста олардың үшеуі бар - төмен (ашылған сәттен бастап 17 желтоқсанға дейін, содан кейін 18 наурыздан жабылғанға дейін), жоғары (18 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін, 7 қаңтардан 17 наурызға дейін) және мерекелік (2-6 қаңтар).

Буковель Украинадағы ең танымал және беделді тау шаңғысы курорты болып саналады. Мұнда қонақтарға 60 жол ұсынылады. Мұнда могул, гигант слалом, Big-Airbag, хейлитурлар ұйымдастырылады (тікұшақпен шаңғы немесе сноуборд тебу). Жолдардың жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайды. Олардың көпшілігі түнде де жұмыс істейді.

Денсаулығын жақсартқысы келетіндер мұнда минералды су көздері мен СПА орталықтарын табады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Туристичний курорт "Буковель" (@bukovel)

Жолдары кәсіпқойларға да, жаңадан бастаушыларға да қолайлы. Соңғысы, айтпақшы, кәсіби нұсқаушылардың қызметтерін пайдалана алады, топтық және жеке шаңғы тебу сабақтары да ұйымдастырылады.

Курорт аумағында қонақтарға спорт залдары, сауна, дәріханалар, банкоматтар, азық-түлік дүкендері, балаларға арналған ойын алаңы, хайуанаттар бағы, ит жегілген шана, сноубайкинг, сноупарк, сноутюбинг, зорб және түрлі шығармашылық шеберханалары қызмет көрсетеді.

Буковель қонақүйлеріндегі екі орынды нөмірдің құны 1200 гривеньнен (шамамен, 19,5 мың теңге) басталады. Бірақ сіз көрші Поляница, Яблоница және Татаров ауылдарында бөлме жалдау арқылы тұрғын үйге үнемдей аласыз. Онда екі адамға арналған бөлменің құны тәулігіне 500 гривень (шамамен, 8 мың теңге) болады - бұл Буковельге жақындығына байланысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Туристичний курорт "Буковель" (@bukovel)

Буковельде ілмекті көтергіште бір реттік көтерілу 150 гривеньнен (шамамен, 2400 теңге), көп лифтте - 50 гривеньнен (шамамен, 800 теңге), шаңғы жолы - тәулігіне 650 гривеньнен (шамамен, 10 500 теңге) басталады. 

Шаңғы жабдықтарын 140-тан 450 гривеньге (2300 - 7200 теңге), сноубордты - 180-ден 590 гривеньге (2800 - 9500 теңге) дейін жалға алуға болады. Буковельге баратын жолда сіз басқа жалға беретін орындарды кездестіресіз, ондағы бағалар арзандау болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Туристичний курорт "Буковель" (@bukovel)

Қалай жетуге болады

Биыл "Укрзалізниця" Одесса, Николаев, Херсон, Кривой Рог, Запорожье, Днепр, Мариуполь, Вольноваха, Полтава, Кременчуг, Харьков, Хмельницкий, Тернополь, Львов қалаларын 15 шақырым жерде орналасқан Татаров станциясымен байланыстыратын жеті пойыз бағытын іске қосты. Сондай-ақ, вокзалдан Буковельге дейін 50 гривень (шамамен, 800 теңге) тұратын автобус трансферлері бар.

Киевтен Буковельге автобуспен немесе Ивано-Франковскіге пойызбен, содан кейін таксимен жетуге болады. Буковельге ұшақпен - Ивано-Франковск немесе Львов арқылы.

Сонымен қатар, Буковельде сіз тансферге тапсырыс бере аласыз.

Айта кетсек, жоғарыда аталған Яблоницада тек жайғасу орындары ғана емес, сонымен қатар, есте қалар атаулары бар жеке жолдар ("Чешка", "Динамо-1", "Кооперативная", "Блинчики", "Корова", "Коза") және бес ілмекті көтергіш бар. База 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, түнде сырғанауға болмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГК "КОЗА" (@koza.ski)

Көптеген адамдар Буковельге (шамамен, 13 шақырым) жақын болғандықтан ғана емес, сонымен қатар, ауыл теңіз деңгейінен айтарлықтай биікте орналасқандықтан Яблоницада демалғанды ұнатады. Осының арқасында сіз мұнда бірнеше әдемі көріністі бақылау алаңын таба аласыз. Сарқырама мен Довбуш жартасына жаяу баруға болады. Қыста кәдесыйлар жәрмеңкесі өтеді. Сондай-ақ, шана, қарда жүретін көліктер, атпен жүру, жаяу турлар ұсынылады.

Қонақүйлерде және жекежайларда тұруға болады. Екі кісілік бөлмені бір түнге 200-ден 600 гривеньге дейін жалға алуға болады (3200 - 9600 теңге).

Ілмекті көтергіште бір реттік көтерілу құны 30 гривень (шамамен, 500 теңге), ілмекті көтергішке бір күндік билет 350 гривень (5 600 теңге). Сегіз жасқа толмаған балалар тегін жүре алады.

Жабдықты жалға алу - 100 гривень (шамамен, 1600 теңге).

Қалай жетуге болады

Яблоница Буковельге жақын орналасқан, мұнда жету үшін сол бағыт бойынша жүреді. Татаривтен Яблоницаға автобустар тұрақты қатынайды. Буковельге дейін автобуспен жүруге болады, бұрылыстан ауылға дейін жаяу жүру қажет.

Украинадағы екінші танымал тау шаңғысы курорты - Драгобрат. Ол басқа курорттардың үстіңгі жағында орналасқан және таға тәрізді, тау жоталарымен қоршалған, сондықтан мұнда қар әлдеқайда кеш ериді, қыс қарашадан мамырға дейін созылады.

Курорт Карпаттың көркем көріністерін тамашалағысы келетіндер үшін таптырмас жер. Кейбір туристер Стог тауына да көтеріледі.

Драгобратта 16 түрлі жол бар. Еркін және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар үшін арнайы жасалған трамплин бар. Соқпақтардың ұзындығы 300-ден 2000 метрге дейін барады. Түрлі көтергіштер бар - арқан ілмекті, кресло, үйретуге арналған мультжеделсаты да бар. Жеделсаты 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сноуборд немесе шаңғы тебуді үйренгісі келетіндер екі-үш күндік экспресс-тренингтен өте алады. Мектеп нұсқаушылары, негізінен, жоғары санаттағы бұрынғы спортшылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гк Драгобрат (@gkdragobrat)

Курорт қонақтары қарда жүретін көліктер, квадроциклдер, шаналарға мініп, фрирайд турларына, ski-турда шаңғымен сырғанай алады.

Драгобратта екі орынды бөлмені жалға алу құны 600 гривеньнен (9600 теңге) басталады.

Ілмекті көтергішке шығу 30 гривеньнен (500 теңге), кресло көтергіште - 100 гривеньнен (1600 теңге), мультижеделсатымен көтерілу 20 гривеньнен (320 теңге) басталады. Ski-pass бағасы үш көтергіш үшін 120 гривеньнен (1950 теңге) басталады.

Сіз шаңғы, не сноубордты 80-нен 200 гривеньге дейін (1300 - 3200 теңге) жалға ала аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адреналін (@adrenalin_ua)

Қалай жетуге болады

Украинаның кез келген қаласынан Драгобратқа дейінгі бағыт Ивано-Франковск арқылы өте ыңғайлы болады. Бұл қалаға ұшақпен, пойызбен немесе автобуспен жетуге болады. Ол жерден Ясинь ауылына автобуспен немесе пойызбен бару қажет, содан кейін курорттың өзіне трансферге тапсырыс беру керек.

Украинадағы ең көне тау шаңғысы курортының бірі - Славское. Мұнда XIX ғасырда алғашқы шаңғы көтергіштері мен қонақүйлер пайда болды.

Ауыл барлық жағынан тау жоталарымен қоршалған, сондықтан мұнда әрдайым тыныш. Қар қараша айында жауып, наурыздың аяғында ериді. Сондай-ақ, демалыс орны жасанды қар жүйесімен жабдықталған. Мұнда күндіз-түні сырғанауға болады.

Негізгі бағыттар Тростян, Погар, Высокий Верх, Кремень және Менчил тауларының беткейінде жабдықталған. Олардың көпшілігі Тростянда, жаңадан бастағандар үшін жазық беткейлер, тәжірибелі спортшылар үшін тік беткейлер бар. Бұл тауда барлығы 11 жол бар, оның ішінде екеуі слаломға, екеуі супер слаломға және екеуі супергигант слаломға арналған. Бірнеше көтергіштер жұмыс істейді.

Погар тауында фристайл, гигант слалом және дельтаплан үшін жолдар бар. Үш еңіс және екі ілмекті болып келеді.

Жаңадан бастаушылар негізінен, Кремень тауының екі баурайы мен екі арқан сүйреткіші және көтергіші көп беткейді таңдайды, ал кәсіпқойлар - Менчил, мұнда үш орташа деңгейлі еңіс, біреуі қиын және екі арқан сүйрегіші бар.

Славское шаңғы мектебінде кәсіби нұсқаушылармен жұмыс істейді. Шаңғы тебуге алты жастан, сноуборд тебуге он жастан бастап үйретеді.

Қалай жетуге болады

Халықаралық маңызы бар Киев - Чоп теміржол желісі Славское аумағы арқылы өтеді. Сондықтан пойызбен мұнда Киев, Львов, Ужгородтан трансферсіз жетуге болады.

Сондай-ақ, Львовтан Славскоеге рейсті таксилер қатынайды.

Пилипец украиндық фрирайдтың алтын бесігі саналады. Бірақ, әрине, мұнда әртүрлі жолдар бар - тік, жұмсақ, тегіс, ойлы, могул жолы және карвинг. Олардың жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды.

Айта кетсек, Украинадағы ең ұзын шаңғы жолы осында орналасқан. Оның ұзындығы төрт шақырым.

Сондай-ақ, аспалы жол және екі орынды көтергіш бар.

Онда сноуборд және фрирайд мектебі қызмет көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Grand Hotel Pylypets 4* (@grandhotelpylypets)

Пилипецке тек сноуборд және шаңғы тебу үшін ғана емес, сонымен қатар, жүрек-қантамыр жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің ауруларын, әртүрлі темір тапшылығы анемиясын емдеу үшін келеді. Өйткені, ауылдан жеті шақырым жерде құрамында темірі көп газдалған минералды су көзі бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анжела Мельник (@angela_shponarska)

Елді мекеннің тағы бір табиғи көрікті жері - Шипот сарқырамасы. Көптеген қонақүйлерде экскурсия қарастырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Галина (@galyad00)

Айтпақшы, Украина Пилипецке үлкен үміт артып отыр. Қазір демалыс орны қарқынды дамып келеді. Подобовец екеуі Боржава шаңғы кешеніне кіреді деп жоспарлануда. Кешеннің аумағы 500 гектарға дейін кеңейіп, 20 шаңғы көтергішін сыйдырады. Межгорьедегі тау шаңғысы курорты Украинаның белгісіне айналуы мүмкін және Буковельден кем түспейді.

Қалай жетуге болады

Пилипецке ең жақын теміржол вокзалы - 11 шақырым жерде орналасқан Воловец. Ол арқылы Киев, Одесса, Львов, Мукачев, Ужгород қалаларын байланыстыратын орталық халықаралық теміржол желісі өтеді. Микроавтобустар мен рейстік автобустар Воловецтен Пилипецке дейін тұрақты қатынайды.

Подобовец Пилипецке жақын орналасқан, сондықтан шаңғышылар екі курортта бірдей шаңғы тебу үшін осында келеді.

Сондай-ақ, шаңғышылар мен сноубордшыларды әдемі тау көрінісі, арзан баға және жаңадан бастағандар үшін де, кәсіпқойлар үшін де қолайлы әртүрлі соқпақтар қызықтырады. Тректердің бірі түнде де шаңғы тебуге жарамды. Мұнда "құбырлар" (орманда шаңғышылар үшін жасалған соқпақ), жаттығу жолы, могул, фрирайд бар. Үш ілмекті көтергіш және мультижеделсаты бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Varvara Mirankova (@v_mirankova)

Қалай жетуге болады

Дәл Пилипецке барғандай жол жүресіз. Подобовецке жету үшін Воловец станциясына пойызбен бару керек, содан кейін автобусқа немесе тұрақты таксиге ауысып отыру қажет.

Бұл екі ауылдың арасын жаяу 30 минутта жүріп өтуге болады.

Красия Вышка ауылында, Ужгородтан 70 шақырым жерде орналасқан. Оны оңаша қалуды сүйетіндер бағалайды. Мұнда туристер аз, кезек жоқ, бағалар әлдеқайда төмен, температура да өте ыңғайлы, қар жұмсақ, борпылдақ келеді.

Шығыс Бескидтерге жұмсақ беткейлері бар аласа, дөңгелек таулар тән. Мұндағы барлық жолдар орташа және жеңіл күрделі болып келеді. Адамдар Красиаға көбінесе сырғанауға немесе фрирайдты үйрену үшін барады. Украинадағы екінші ұзын тасжолы осында орналасқан. Оның ұзындығы 3500 метр. Мұнда алты жеделсаты бар - үш шаңғы және үш кресло.

Балаларға сноутюбинг қарастырылған, бұл шанамен сырғанауға қарағанда қауіпсіз болып келеді.

Қалай жетуге болады

Красия баурайына жету үшін алдымен Ужгородқа, содан кейін пойызбен  Кострино ауылына, ары қарай таксимен Вышка ауылына жету керек. Сіз сондай-ақ, Ужгородтан трансферге тапсырыс бере аласыз.

Украинадағы ең жаңа тау шаңғысы курорттарының бірі - Плай. Ол 2007 жылы Львов облысының Сколе ауданы Плавия ауылының маңында ашылды және Славске, тіпті Буковельге тең келер орын болып табылады.

Үстіңгі жер бедері біршама тік беткейлерге ие, төменде Подобовец немесе Пилипецте кездесетін сондай еңіс жерлерге айналады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анастасія (@anastasia.osadchuk)

Плайдың беткейлері, негізінен, тегіс және кең. Бұл жаңадан бастағандарға шаңғымен алғаш сырғанауға жақсы мүмкіндік береді. Барлығы алты жол бар. Жалпы ұзындығы 1200 метр. Үйренуге және балаларға арналған жолдар бар. Екі орындық, шаңғы жеделсаты және нәресте жеделсатысы бар.

Мұнда қар саябағы, сноубордшыларға арналған дүкен бар. Демалушылар шана, атқа міну, сноуборд, сауна, бильярд, массаж, СПА орталығына барады. Балалар ойын алаңын да таба аласыз.

Қалай жетуге болады

Плайға жету үшін сізге электричкамен, пойызбен немесе автобуспен Сколеге жету керек, содан кейін Плава ауылына баратын автобусқа отыру қажет. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ROXY (@_ulitka_13)

Киевтегі ең танымал тау шаңғысы курорты - Протасов яр. Ол "Олимпийская" метро станциясының жанында орналасқан.

Мұнда шаңғы және сноуборд бойынша Украинаның ұлттық құрамалары жаттығады, сонымен қатар қысқы спорт түрлерінен көптеген жалпы украиналық және халықаралық жарыстар өткізіледі.

Қалада тау жоқ, тек төбелер бар. Бұл жерде тек төрт жол бар екенін айта кетсек. Ұзақ уақыт бойы екі жол ғана болды. Екеуі де кең және ұзын. Біріншісі тегіс. Оның ұзындығы небәрі 500 метрді құрайды. Ол жаңадан бастаған шаңғышыларға арналған. Екіншісінің еңісі тік. Сондықтан мұнда тәжірибелі шаңғышылар мен сноубордшылар сырғанайды. Оның ұзындығы 300 метр. Шаңғы көтергіштері осы беткейлердің әрқайсысында жұмыс істейді. Үшінші трек - жаңадан бастаушыларға арналған жаттығу жолы. Оның ұзындығы 150 метр. Жақында төртінші шорт-трек ашылды. Ол Халықаралық шаңғы федерациясымен сертификатталған және шаңғы тебудің жоғары деңгейін иемденген спортшылар мен әуесқойларға арналған.

Протасов Ярда сноубордшыларға арналған трамплин мен рельстер кешені бар арнайы саябақ бар. Бұл кешен аумағында бес шаңғы мектебі бар.

Мұнда сенбіден жексенбіге дейін түнде сырғанауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Протасів (@protasiv)

Украинаға кіру шарттары

Егер Қазақстан азаматы Украинада 90 күннен аз уақыт тұруды жоспарласа, оған виза қажет емес.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар Украинаға кіру үшін сақтандыру полисін алуы қажет, ол қажет болған жағдайда COVID-19-ды емдеуге және бақылауға байланысты шығындарды өтейді. Сақтандыру туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сонымен қатар, 12 жастан асқан тұлғаларға кіру үшін келесідей құжаттар талап етіледі.

1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат етілген тізіміне енгізілген препаратпен (Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson, Moderna, Sinopharm, Sinovac) COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат.

2. Кіруден 72 сағат бұрын жасалған SARS-CoV-2 коронавирус антигенін анықтауға арналған экспресс-сынама.

Экспресс-сынама және ПТР анықтамасы нәтижесімен Украина шекарасын кесіп өткен 18 жастан асқан адамдар смартфонына "Вдома" қосымшасын алдын ала орнатуы қажет. Украинаға кірген сәттен бастап 72 сағат ішінде олар екінші ПТР сынағы, не экспресс антиген сынағын, немесе 10 күн бойы өзін-өзі оқшаулаудан өтуі керек.

Сонымен қатар, "Вдома" қосымшасы шекарадан өткеннен кейін алғашқы 72 сағат ішінде пайдаланушының қозғалысын бақыламайды және шектемейді. Ол үшінші күннен бастап өзін-өзі оқшаулауды бақылай бастайды, сондай-ақ, ПТР әдісімен COVID-19 сынағы оң нәтиже бергенде немесе SARS-CoV-2 коронавирус антигенін анықтауға арналған экспресс-сынама нәтижесіне қарай бақылайды.

Жақында Украинаның денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко тау шаңғысы курорттарының вакцина алған қонақтарына вакцинация төлқұжатын қайта-қайта көрсетудің қажеті жоқ екенін ескертті.

"Әр уақытта аспалы жолға шығу және COVID-19 анықтамасын көрсете бермеу үшін, қонақүйде тұрсаңыз, сіз қай қонақүйде тұратыныңызды көрсететін тиісті білезік алуға мүмкіндік болады. Содан кейін бұл білезікпен осы жерге жете аласыз", - деді Украина денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Соңғы жаңалықтарға сәйкес, вакцинация төлқұжатын алмағандар үш күн сайын ПТР сынағын тапсырып тұруы қажет.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная