Туристер Кариб теңізіндегі круиз кезінде жоғалып кеткен. Үш күннен кейін Сент-Винсент аралына жақын жерден кемелері табылды, бірақ онда америкалықтар болмаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN порталына сілтеме жасап.
"Кеменің ішінде барлығы шашылып жатты. Онда қандай да бір жанжал болғаны анық. Оларды жарақаттаған сияқты", - деді туристердің ұлы Ник Буро.
Сондай-ақ кемеде қан іздері болған деседі.
Полицейлер америкалықтардың жоғалып кетуіне сотталған адамдардың қатысы бар болуы мүмкін деп санайды. Себебі олар оқыс оқиғадан бірер күн бұрын Гренададағы түрмеден қашып кеткен көрінеді.
Болжам бойынша олар жасырыну үшін кемені басып алып, оның иелерін суға лақтырып жіберген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Брендель мен Хендриді табу ықтималдығы төмен екенін айтты. Дегенмен олар әлі де тірі деп үміттенеді.
2013 жылы Вирджиниядан келген Кэти Брандел мен Ральф Хендри үйлерін сатып, Simplicity желкенді кемесін сатып алды. Олар кемеде өмір сүріп келді. Сондай-ақ Кариб теңізі арқылы саяхаттауды жоспарлады.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылар 2024 жылдың қысында жүзіп шыққан. Алайда 18 ақпанда Гренада жағалауында жоғалып кетті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!