Қара теңізде катран тұқымдасының кішкентай акуласы демалушылар арасында жүзді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Краснодар өлкесіндегі жағалауда болған. Бұл туралы "Блокнот. Краснодар" жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Бұл аймақта жақында қатты дауыл болған. Балық соның салдарынан жағада қалған.
Куәгерлер акуланы видеоға түсірді. Демалушылар оның құйрығынан ұстап көрді. Кадрдан балалардың таңғалған дауысы естіледі. Кейін олар акулаға тиіспеді және ол әрі қарай жүзіп кетті.
Катран қарапайым акула, 1460 метр тереңдікте тұрады. Мұндай балықтың ұзындығы 150 сантиметрге жетуі мүмкін. Ол адамдарға шабуыл жасамайды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!