Канаданың батысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тауып, 53 адам зардап шекті, - деп хабарлайды жергілікті CTV телеарнасы.
Жол-көлік оқиғасы Меррит және Келоуна қалаларының арасында Британиялық Колумбия провинциясындағы тасжолда болған. Келлоуна қаласының полицейлері оқиға салдарынан 4 адам қаза тапқанын растады. Болжам бойынша жол апатына мұзтайғақ себепші болған.
Зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақат алған, алайда екеуінің халі ауыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.