Қабан аулауға шыққан сарбаз байқаусызда туристі атып тастаған

Қабан аулап жүрген франциялық аңшының оғы байқаусызда туриске тиіп кеткен. Салдарынан аңшы түрмеге түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі France Bleu порталына сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Францияның Жиронда департаментінде болған. Алайда сот үкімі араға 4 жыл салып, бірақ шығарылды.

Тергеу мәліметтері бойынша аңшылар тасжол маңында жүрген. Осы кезде Испанияға бара жатқан бірнеше голландиялық турист өтіп бара жатқан. Кенеттен көліктің артқы терезесі сынып, оқ жолаушылар орындығындағы ер адамның иығын жанап өткен.

Қуанышқа орай омыртқа аймағы жарақаттанғанымен, маңызды органдары зардап шекпеген екен.

Тергеу барысында 64 жастағы жергілікті тұрғын, тәжірибелі аңшы және бұрынғы сарбаз атқаны анықталды. Ер адам үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса ол аңшылық лицензиясынан біржола айырылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!