Жүзден аса мәйіт пен мыңға жуық із-түссіз кеткендер: туристтік жұмақ жер бетінен жоқ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/SAfmRadio Фото:twitter.com/SAfmRadio

Гавай штатындағы туристтік жұмақ - Мауи аралы - осы аймақтың тарихындағы ең алапат өрт салдарынан жер бетінен жоқ болды. Өрт жайпап өткен жерден 114 мерт болған адамның денесі табылды, ал із-түссіз кеткен 850 адамды іздеу жалғасуда, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Гавай штатындағы туристтік жұмақ - Мауи аралы - осы аймақтың тарихындағы ең алапат өрт салдарынан жер бетінен жоқ болды. Өрт жайпап өткен жерден 114 мерт болған адамның денесі табылды, ал із-түссіз кеткен 850 адамды іздеу жалғасуда, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мауи атақты туристік аудан болатын, өрт мұндағы көрнекі орындарды жоқ қылды, ал көптеген адам аман қалу үшін теңізге секірген. Мауи әкімі Ричард Биссен әлеуметтік желіде 27 мәйіттің кім екені анықталғанын, ал 850 адам із-түссіз кеткенін мәлімдеді.

Ал Гавай губернаторы мерт болған адамдар санын нақты анықтауға 10 күндей уақыт керек болатынын мәлімдеп отыр - іздеуші топтар күніне 10-20 мәйіт тауып алып жатыр екен. Ол аралда туыстары болуы мүмкін адамдардың бәрін федералды тергеу бюросымен хабарласып, ДНҚ үлгісін өткізуді сұрап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная