Жұмысынан айырылған стюардесса әуежайда жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Жұмысынан босатылған стюардесса Римдегі Фьюмичино әуежайында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі итальялық La Repubblica басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жұмысынан босатылған стюардесса Римдегі Фьюмичино әуежайында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі итальялық La Repubblica басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған.

Дереккөздің мәліметінше, стюардесса Avion Express әуекомпаниясындағы жұмысынан айырылған. Салдарынан ашуға булыққан әйел дьюти фри дүкеніне кіріп, жан-жағын жайпап, сөрелердегі бөтелкелерді лақтыра бастаған.

Видеода көрсетілгендей, әйел тайып құлайды. Бірақ сонда да қиратуын жалғастырды.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес ол дүкенге 1,5 мың еуро (729 мың теңге шамасында) шығын келтірген. Алайда стюардесса жазаланды ма, жоқ па белгісіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная