Жұмақ аралы "омикронның" салдарынан қайта жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппины. Фото ©Shutterstock Филиппины. Фото ©Shutterstock

Филиппиндер коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы әлемнен едәуір алшақтап, ішкі туризм қатаң реттелгендіктен, жақында ашылған Боракай жұмақ аралы "омикрон" штамына байланысты есігін тағы жауып тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Филиппиндер коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы әлемнен едәуір алшақтап, ішкі туризм қатаң реттелгендіктен, жақында ашылған Боракай жұмақ аралы "омикрон" штамына байланысты есігін тағы жауып тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Сондықтан арал "экологиялық денсаулықты" қалпына келтірудің сирек мүмкіндігіне ие болды. Филиппин Үкіметі туристер үшін шекаралардың жабылғаны туралы хабарлады.

"Дүниежүзілік карантин басталған кезде біз туристер болмағандықтан, қоқыс азайғанын байқадық. Боракайдың жергілікті тұрғындары бұл уақытты пайдаланып, жағажайды ретке келтіруге шешім қабылдады", - деді жергілікті тұрғындардың бірі басылымдарға.

Боракайды қалпына келтіру бағдарламасының жетекшісі Нативидад Бернардино аралдың оқшаулануы жойылу қаупінде тұрған теңіз флорасы мен фаунасы үшін жақсы әсер еткенін атап өтті.

Алайда, туризмді қалпына келтіргеннен кейін, ақ құмға шомылып, мөлдір таза суға батып, суға түскісі келетіндер тағы да көп болды. Коронавирус жұқтырғандардың саны азайған соң арал қазан айында ашылды.

Бірақ туризм бизнесі әлі де қарқын ала алмады, өйткені үкімет осы аптада "омикронды" әкелу қаупіне байланысты халықаралық туризм үшін елдің қайта ашылуынан бас тартты және жұмақ арал экологияны жақсартуға тағы бір мүмкіндік алды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная