"Жүкті әйелімді еңбектетіп қойды". Спортшы бортсерікке ашуланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

United Airlines рейсі кезінде америкалық спортшы Энтони Босстың әйелі жағымсыз жағдайға тап болды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының ойы бұл оқиғаға қатысты екіге бөлінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

United Airlines рейсі кезінде америкалық спортшы Энтони Босстың әйелі жағымсыз жағдайға тап болды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының ойы бұл оқиғаға қатысты екіге бөлінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бейсбол ойыншысының айтуынша, бортсерік оның әйелі Сидни Рэй Бассты "еңбектеп еденнен попкорн жинауды" сұраған.

"Оқиға болған кезде әйелім жүктіліктің 22-ші аптасында болды және екі қызымен жалғыз саяхаттады: біреуі 5 жаста, екіншісі 2 жаста. Бортсерік әйелімді тізерлеп, кенже қызымның түсірген попкорнын жинатқан. Сіз қалжыңдайсыз ба?!"- деді ер адам әлеуметтік желілердегі жағдай туралы.

Желі пайдаланушыларының ойы екіге жарылды. Бірі спортшыны қолдаса, екіншісі бортсерік "балаңыздың шашқанын жинауға міндетті емес, ол тек қауіпсіздікке жауап береді" деген пікір айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная