Жүкті әйелге орын беруден бас тартқан жолаушы Желі қолданушылары арасында қолдау тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Cparks © pixabay.com/Cparks

Дәретханаға жақын дәліз бойындағы орынға алдын ала төлеп қойып, жүкті әйелге орын бермеген ұшақ жолаушысы Желіде қолдау тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәретханаға жақын дәліз бойындағы орынға алдын ала төлеп қойып, жүкті әйелге орын бермеген ұшақ жолаушысы Желіде қолдау тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ол өзінің оқиғасымен Reddit форумында бөліскен. Ер адам Рождествоны туыстарымен атап өту үшін бес сағаттық рейспен ұшып бара жатқанын айтып берді. Денсаулығына байланысты оған үнемі дәретхана бару қажет болған, сол себепті ер адам сол маңнан алдын ала орын таңдап, билет алған екен. Алайда өзінің жүкті екенін айтқан жолаушылардың бірі одан сол орынды сұраған көрінеді.

Бас тартқанын естіген әйел бірден стюардессаны шақырды. Ол да ер адамға жүкті әйелге орын беруін өтінген. Оқиғасымен бөліскен автор бұл жолы да келіспегенін айтады.

Желі қолданушылары ер адамның постына түрлі жазба қалдырды. Басым бөлігі оған қолдау білдіріп, жүкті әйел орынды алдын ала сатып алуы керек еді деген пікір білдірді.

"Әр жолаушы өзінің қажеттіліктеріне қарай орынды алдын ала брондауға бірдей мүмкіндікке ие болады", "Менің денсаулығым жақсы болса да, орнымды бермес едім", "Бұл кез келген орынға отыра салатын метро да, автобус та емес", - деп жазды юзерлер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная