Жолаушылардың ұшақта терезе маңында отыру үшін төбелесі видеоға түсірілді

Ryanair рейсінің екі жолаушысы ұшақ бортында төбелесті. Олардың бірі екіншісін терезе маңындағы орнына жібермей қойған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. The Hindustan Times басылымы төбелестің видеосын жариялады.

Ryanair лоукостерінің Мальтадан Лондонға баратын рейсі жекпе-жек алаңына айналды. Ұлыбританиялық және америкалық азамат жанжалдасып, артынша жұдырықтасуға барған. Олардың бірі екіншісін терезе жанындағы орынға өткізіп жіберуден бас тартқан, осыдан кейін нағыз "қызық" басталған.

Нил Модвадия есімді жолаушы оқиғаны видеоға түсіріп, келеңсіз жағдайдың қалай болғанын баяндады. Америкалық жолаушы сол жағында терезе маңынан орын алған, ал бас киім киген британиялық жолаушы дәлізге жақын тұрған орында отырған. Куәгердің айтуынша, ұлыбританиялық жігіт америкалыққа өз орнына отыруға бөгет жасап, жанжал шығарған.

Жағдай ушыққан кезде экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар оларды ажыратқан. Осы жағдай үшін рейс екі сағатқа кешіккен.

Желі қолданушылары екеуінің әрекетін сынға алды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!