Жолаушылар ұшақтағы ұрылардан қалай қорғана алады

Ұшақ жолаушыларына рейс кезінде ұрлыққа тап болмаудың жолдары айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

World Nomads Travel Insurance сақтандыру компаниясы ұшақтағы ұрлықтан сақтану жолдарын атады.

Компания бас директоры Джонатан Фрэнкхэмнің айтуынша, ақша мен басқа да құнды заттарды қалтада немесе белге асынатын сөмкеде сақтаған жөн.

Сонымен қатар жолға шығарда жақсы рюкзак алу керек. Оны көршілес орналасқан орындықтың жоғарғы сөресіне қойған дұрыс. Осылайша, жолаушы өз заттарын мұқият бақылап отыра алады.

"Егер қандай да бір затыңыз жоғалған болса, дереу әуекомпания қызметкерлеріне хабарласу керек", - деп кеңес берді Фрэнкхэм.

Әуетасымалдаушы жоғалу немесе ұрлық дерегін растайтын құжатты ұсынуға міндетті. Болашақта бұл құжат арқылы сотқа жүгінуге болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!