United Airlines әуекомпаниясының ұшқышы рейс алдында ішімдік ішіп, Париж әуежайында қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ұшақ Франция астанасынан Вашингтонға ұшу керек болған, алайда ұшақтың 63 жастағы капитаны жұмысқа мас болып келгені үшін рейс кейінге қалдырылды.
Қауіпсіздік қызметінің мамандары ұшқыштың сау еместігін бірден анықтаған. Ер адамның жүрісі өзгерген, көз жанары ойнап, тілі күрмеліп тұрған.
Ұшқыш бір күн бұрын бірнеше бокал шарап ішкенін айтқан, алайда оның қанындағы алкоголь мөлшері рұқсат етілген нормадан үш есе асып тұрған.
Әуекемесінің капитанын әуежайда қамауға алып, кейін соты болған. Пилоттың осындай бассыз әрекеті арқылы 256 жолаушының тағдырын бәске тіккені таңғалдырады. Ол алты айға шартты түрде сотталды және бір жылға ұшақ тізгіндеуден шеттетілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!