Жолаушылар ұшағы желдің салдарынан қонатын кезде құлай жаздады

Ұлыбританияда жолаушылар ұшағы дауылдың салдарынан қона алмай, құлай жаздады. Оқиға видеосын Mirror жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Turkish Airlines әуекомпаниясының лайнері қатты жел соққан кезде Манчестер әуежайына қонуға дайындалып жатқаны хабарланған. Желіде жарияланған кадрларда ұшақтың жерге тиіп, бір бүйірден екінші жаққа қарай жылжи бастағанын көруге болады. Осыдан кейін лайнер күрт көтерілді. Нәтижесінде, әуекемесі құлай жаздады және екінші айналымға кетті.

Франклин дауылы Ұлыбританияға 21 ақпанда соққы берді. Желдің екпіні 90 мильге жетті (секундына 40 метр). Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүздеген рейс тоқтатылды және кейінге шегерілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!