Жолаушылар ұшағы фюзеляждың тесілгеніне қарамастан 14 сағат бойы ұшқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Emirates әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы фюзеляждағы тесікке қарамастан 14 сағат бойы ұшқан, - деп хабарлайды The Independent.


Иконка комментария блок соц сети

Emirates әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы фюзеляждағы тесікке қарамастан 14 сағат бойы ұшқан, - деп хабарлайды The Independent.

Бұл оқиға Дубайдан аустралиялық Брисбенге бара жатқан ұшақта болған. Жолаушылардың айтуынша, олар ұшақтың әуеге көтерілу сәтінде жарылыстың дыбысын естіген. Сол кезде бортсеріктер қызмет көрсетуді уақытша доғарып, экипаж мүшелерімен қанаттардың және қозғалтқыштардың жұмысын тексерген. Сосын ұшақ штаттық режимде ұшқан. 

Ұшақ діттеген жеріне қонатынның алдында Брисбен әуежайының мамандарына хабарласып, 22 дөңгелектің біреуі жарылып кетуі мүмкін екен айтқан. Содан кейін лайнерді басқа ұшу-қону алаңына жіберіп, артынша жедел қызмет көрсету мамандары ұшаққа қарай аттанған. 

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, ұшақ жерге сәтті қонған, бортта отырғандардың ешқайсысы зардап шекпеген. Алайда бірнеше жолаушы ұшақтан түскен сәтте фюзеляжда тесік барын байқаған. Emirates өкілдері ұшақтың бір дөңгелегі жарылғанын растап, ұшаққа кішігірім зақым келгенін растады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная