Virgin Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы қозғалтқышы тұтануына байланысты Жаңа Зеландияға шұғыл қонды. Сол сәтте бортта 73 адам болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі GB News телеарнасына сілтеме жасап.
Ұшақтағы жолаушылар өрт алдында қатты дыбыс естігенін хабарлады.
"Ұшақ бөлініп жатқандай дыбыс шықты", - деп түсіндірді оқиға куәгерлері.
Олардың кейбіреулері ұшақ ұшып бара жатқанда құстармен соқтығысты деп болжаған.
Квинстаун әуежайының өкілі әуе кемесі көтерілгеннен кейін бірден проблемаларға тап болғанын айтып, оны Инверкаргилл әуежайына бағыттап, сонда қонғанын айтты.
Virgin Australia өкілі әуекомпания оқиғаның себебін әлі анықтамағанын айтты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!