Жолаушылар лайнерінің екі ұшқышы бортта төбелескені үшін жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Air France әуекомпаниясының екі ұшқышы ұшақ кабинасында төбелесіп, соның салдарынан жұмыстан шеттетілді. Компания өкілдері оқиғаның қалай болғанын The Guardian басылымына мәлімдеген. 


Иконка комментария блок соц сети

Air France әуекомпаниясының екі ұшқышы ұшақ кабинасында төбелесіп, соның салдарынан жұмыстан шеттетілді. Компания өкілдері оқиғаның қалай болғанын The Guardian басылымына мәлімдеген. 

Оқиға маусым айында Женева - Париж рейсінде болғанына қарамастан, енді жарияланып отыр. Қызметкерлер арасында жанжал шыққанына қарамастан, рейс тоқтатылмай діттеген жеріне жеткен. Air France өкілінің айтуынша, төбелес салдарынан ұшу процесіне еш зақым келмеген, алайда бұл жағдай жолаушылардың қауіпсіздігіне және әуекомпанияның ұстанымына мүлде қарама-қайшы келеді екен. 

Швецариялық La Tribune газетінің мәліметінше, экипаж командирі мен екінші ұшқыш әуе аппараты көкке көтерілген бетте жанжалдасқан. Олар жаға ұстасып, біреуі екіншісін ұрып жіберген. Бортсеріктер араласып, екеуін ажыратқан. Олардың біреуі кабинада қалып, әуекемесін басқаруды жалғастырған. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная