Wizz Air әуекомпаниясының жолаушылар грекиялық Крит аралына қонған ұшақтың ұшқышын жабылып ұрған. Осы сәт видеоға түсірілген, - деп хабарлайды The Daily Mail.
Куәгерлердің айтуынша, 30-дан сәл асқан үш ұлыбританиялық жігіт жанжал шығарған. Басылым мәліметінше, оның екеуі Гатвика әуежайында бортқа отырғанға дейін мас болған, сосын әуе кемесі ұшқан кезде электронды темекі шегіп, айғайлап, басқалардың мазасын алып, тағы ішімдік сұраған. Бірнеше уақыттан соң оларға тағы бір ер адам қосылған, оның бір литр арағы болған.
Стюардессалар ұшақтың Грекияға жеткен кезде бұзақыларды полиция күтіп алатынын айтқан кезде, ол үшеуі жанындағыларды ұра бастаған. Оларды басуға шыққан ұшқыш та соққы алған. Оларды тек ұшақ қонғаннан кейін полицейлер тынышталдырған.
Полицейлер төбелес шығарғандарды қамауға алды. Басқа жолаушыларға бірнеше сағат бойы оқиғаның қалай болғаны туралы түсініктеме беруге тура келген. Осының салдарынан кейбіреулері келесі рейстеріне кешігіп қалған.