Air Canada жолаушылар үшін жаңа көңіл көтеру түрін ұсынды: енді олар нақты уақыт режимінде лайнердің ұшуын бақылай алады. Бұл технология әуелайнерлердің бірінде сәтті тестілеуден өтті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Avianews.com басылымына сілтеме жасап.
Канадалық әуекомпания алғашқы рет Airbus A321 бортының сыртына камера орнатып, түсіріліп жатқан процесті салондағы экрандарға шығарды. Енді жолаушылар ұшу, қону және нақты уақыт режимінде лайнердің ұшуын орындық арқасындағы экраннан тамашалай алады.
Камералар ұшақтың артқы бөлігінде және орта тұсінда орнатылған. Осылайша жолаушылар ұшуды қай тұсынан көруді таңдай алады. Трансляция рейс басталғаннан аяқталғанға дейін қолжетімді.
Фото: pexels.com
Сонымен қатар ұшақта басқа да жаңартулар бар: жаңа орындықтарда резеткі, көңіл көтеру жүйелері, қолжүгін қоятын орын кеңейтілді және ұшу кезінде интернетке қосылу жүйесі жақсартылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!